Главная Новости Қаражанбаста I вахта мұнайшылары марапатталды
20 қыркүйек 2024, 11:25 87

Қаражанбаста I вахта мұнайшылары марапатталды

Қаражанбаста I вахта мұнайшылары марапатталды

Жер қойнауынан қара алтын игеру арқылы ел экономикасын дамыту - мәртебелі мамандық иелерінің негізгі міндеті. Сондықтан қызметте кәсіби біліктілік, жұмыста жауапкершілік танытып, жетістігімен көзге түскен мамандар қай кезде де құрметке ие.

Жыл басынан бері ел көлемінде Қазақстан мұнайының 125 жылдығы тойланып жатыр. Аталмыш мерейтой Қаражанбастағы алғашқы мұнай бұрқағы атқылағанына 50 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай «Қаражанбасмұнай» АҚ I вахта мұнайшыларына марапаттар табысталды.

Компания басшылығы өндірісте ұзақ жыл елеулі еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге Қазақстан мұнайының 125 жылдығы, «Қаражанбасмұнай» АҚ 50 жылдығына арналған төсбелгілер табыс етті. Бұған қоса жұмысшылар ҚР Энергетика министірлігінің төсбелгісі, Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Еңбек адамы - ел мақтанышы. Қаражанбастың даму тарихында Бозашы мұнайын игеруге атсалысып жүрген әр жұмысшының үлесі зор. Қос мерейтойға орай еңбегі еленіп, құрметке бөленген мұнайшыларды шын жүректен құттықтаймыз!

«Қаражанбасмұнай» АҚ баспасөз қызметі

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: