Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
XVI KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында IRENA ұйымдастырған «Орталық Азияда ЖЭК енгізуді жеделдету» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Шараны Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ашты. Талқылауға өңір елдерінің энергетика министрлері, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында KEGOC Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесіне сенімді түрде интеграциялауда Жүйелік оператордың маңызды рөлін атап өтті.
Өз сөзінде ол мына жайттарға тоқталды:
2035 жылға қарай Қазақстан электр станцияларының орнатылған қуаты екі есеге артып, 50 ГВт-тан асады, оның ішінде ЖЭК үлесі шамамен 30%-ды құрайды.
KEGOC магистральдық желілерді күшейту үшін ауқымды жобаларды жүзеге асыруда:
- «Солтүстік–Оңтүстік» транзитінің өткізу қабілетін 2000 МВт-қа дейін арттыру;
- шамамен 7 мың км жаңа электр желілерін салу арқылы елдің энергожүйесін тұйықтау;
- Батыс аймағын Қазақстан Біртұтас энергетикалық жүйесімен біріктіру.
Цифрлық басқару технологиялары енгізілуде: Smart Grid, цифрлық көшірмелер, электр энергияны сақтау жүйелері бойынша жобалар, сондай-ақ ЕҚДБ-пен бірлескен сұранысты басқару (Demand Response) пилоттық жобасы.
«Алдымызда үлкен сын-қатерлер тұр, бірақ мүмкіндіктер де мол. Желілерді жаңғырту, жасыл және базалық генерацияны дамыту, инновацияларды енгізу – мұның бәрі жаңа буынның тұрақты энергожүйесін қалыптастырады», – деп атап өтті Нәби Айтжанов.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы