Главная Новости Павлодар мұнай-химия зауытының битум қондырғысында жаңа пеш іске қосылды
13 ақпан 2024, 11:47 1061

Павлодар мұнай-химия зауытының битум қондырғысында жаңа пеш іске қосылды

Павлодар мұнай-химия зауытының битум қондырғысында жаңа пеш іске қосылды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов бүгін Павлодар мұнай-химия зауытында болып, битум өндіруге арналған қондырғының жаңа пешін іске қосты.

«ПМХЗ» ЖШС бас директоры Қуаныш Бишімов битум өндіруге арналған қондырғыда орнатылған жаңа пештің сипаттамалары мен оның кәсіпорындағы өндіріс көлеміне әсерін баяндады.

Жаңа пешті іске қосу жұмыстары ПМХЗ орталық басқару пунктінде жүргізілді.

«Мемлекет басшысының ішкі нарықты отынмен қамтамасыз ету жөнінде қойған міндеттерін орындау шеңберінде «ҚазМұнайГаз» мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдері желісін өндіру көлемін арттыру үшін іс-шаралар кешенін қолға алды. Атап айтқанда, жол құрылысының отандық экономиканың дамуындағы маңызды рөлін ескере отырып, бұл шаралардың бірқатары битум шығаруды арттыруға бағытталды.

Бүгін іске қосылатын битум өндіру қондырғысындағы жаңа пештің құрылысы да осы міндетті шешуге арналды. Жоба – битум өндірісін арттыру бағытындағы алғашқы қадамдардың бірі деуге болады. Жаңа пеш еліміздегі ең көне мұнай-химия кәсіпорындарының бірінде битум өндірісін айына 45 000 тоннадан 52 000 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, «ҚазМұнайГаз» жоғары сапалы битум өндірушілер нарығындағы жетекші позициясын нығайта түседі», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Технологиялық пеш азот оксидтері шығарындыларының көрсеткіштері төмен заманауи оттықтармен жабдықталған, өнеркәсіптегі қауіпсіздік нормаларына, апатқа қарсы қорғау жүйесіне сәйкес келеді және зауыттың тарату басқару жүйесіне қосылған.

Еске сала кетсек, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында битум шығарумен Ақтау битум зауыты (САЅРІ BITUM ЖШС) да айналысады. Қазіргі уақытта ҚМГ қытайлық әріптестерімен бірлесіп САЅРІ BITUM зауытының мұнай өңдеу қуатын жылына 1млн-нан 1,5 миллион тоннаға дейін арттыру жобасын қолға алды, бұл кәсіпорында жол битумын өндірісін қазіргі жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.


«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото: Илья Величко

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: