Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бурабай үйінің сауықтыру лагерінде демалғаннан кейін Ақтөбеге қайтып келе жатқан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлері балаларын ертіп жүрген «Медикер педиатрия» ЖШС тәулік бойы көшпелі бригадасының фельдшері Жандос Насымбаев пойыз жолаушысының босануы кезінде көмек көрсетті.
Сонымен, 17 тамызда 2 сағат 23 минутта жолаушылар пойызында қыз бала дүние есігін ашты.
- Мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлерінің балаларын жазғы лагерьден қайтқанда еріп жүремін. Түнде бір жігіт маған жүгіріп келіп, пойыз жолаушыларының бірі толғатып жатыр деді. Мен медициналық жабдықтары бар сөмкені алып, лезде жетіп, көмектестім. Бақытымызға орай, босану оңай, асқынусыз өтті. Содан кейін мен бәрін тексердім (ана мен қыздың жағдайы), кіндікті байлап, анасының кеудесіне қойдым. Әйелге веноздық перифериялық катетер қойып, оның жағдайын жақсарту үшін глюкозаны тамшылатып жібердім. Пойыз қызметкерлері мен басқа жолаушылар да жедел көмек көрсетті. Біз Новоишимская станциясына келгенде, анасы мен сәбиді 103 қызмет қызметкерлеріне тапсырдық. Кейінірек олар байланысқа шығып, бала мен анансының жақсы екенін айтты. Босанған әйел Ақтөбеге қарай ауылға бара жатқан екен. Анасы қасында болды. Кенеттен толғақ қысып, қыз дүниеге келді, - деді Жандос Насымбаев.
Айтпақшы, Жандос 5 жыл медицина қызметкері болып жұмыс істейді және босануға көмектесу тәжірибесі де бар. Бірінші рет ол өз тұңғыш баласының дүниеге келуіне қатысты.

Осы түнде босанған әйелден басқа, Жандос тағы бір әйелге – қанды көріп есінен таңып қалған жолаушыға көмек көрсетті.
Басшылары айтқандай, Жандос өте сауатты, жауапты, алға мақсат қоя білетін мықты маман. Ол балаларды жазғы лагерьлерге апару бойынша жауапты жұмысты өте жақсы атқарып келеді.
Әсел Шайхынова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
189
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи