Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қордың қолданыстағы Сатып алу ережелерінде мемлекеттік және өзге де реттелетін сатып алу жүйелерінде баламасы жоқ 16-дан астам бірегей шара бар.
Аталған ережелер бойынша:
• Тауарды сатып алуда отандық тауар өндірушілерге басымдық беру;
• Жұмыс пен қызметті орындау кезінде мердігер ұйымдардың отандық тауар өндірушілер өнімдерін сатып алу міндеттемесі;
• Отандық тауар өндірушілерді барлық түрдегі қамтамасыз етуден босату және т.б. көзделген.

2024 жылы отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеден асатын келісімшарттар жасалды. Оның ішінде 494 млрд теңге – ұзақмерзімді келісімшарттар, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 76 %-ға артық.
2025 жылы бұл көрсеткішті тағы 25 %-ға арттыру жоспарланып отыр. Қор отандық өндірушілерді белсенді түрде қолдайды, ал оның сатып алу жүйесі ішкі өндірісті дамытуға бағытталған.
«Самұрық-Қазына» шетелден сатып алынатын тауарларды алмастыратын жаңа өндірістерді құру бағдарламасына ерекше көңіл бөледі.
Қазақстан аумағында өндіріс ашуды жоспарлаған шетелдік инвесторлар 20 жылға дейінгі мерзімге және дайын өнімі кепілді түрде өткізілетін ұзақмерзімді офтейк-келісімшарт жасаса алады. Осылайша, Қор инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптастыра отырып, елдің импортқа тәуелділігін азайтады.

Бизнесті жүргізуге жасалған қолайлы жағдайлар нәтижесінде америкалық Wabtec және француздық Alstom сынды ірі компаниялар Қордың портфельдік компаниясы – «Қазақстан темір жолымен» ұзақмерзімді келісімшарт жасасып, өндірісті Астанада жүргізе бастады.
2024 жылы жалпы сомасы 191 млрд теңгеге 348 офтейк-келісімшарт жасалды, бұл алдыңғы жылға қарағанда 10 есе көп.
2024 жылы Қордың сатып алу жүйесінің ашықтығы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларына жүргізілетін мониторингтің бесінші кезеңі аясында аталды. Сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Азия даму банкі «Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесін халықаралық стандарттарға сай деп таныды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
123
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»