Главная Новости «Саламатты Қазақстан» Отырардағы «Ақшоқат» станциясына аялдады
07 қараша 2023, 15:42 1054

«Саламатты Қазақстан» Отырардағы «Ақшоқат» станциясына аялдады

«Саламатты Қазақстан» Отырардағы «Ақшоқат» станциясына аялдады

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Отырар ауданындағы «Ақшоқат» станциясына аялдады, деп хабарлады Kazinform.

Түркістан облысындағы сапары Сауран ауданынан басталған медициналық пойыз Отырар ауданындағы «Ақшоқат» станциясына келіп тоқтады. Тәжірибелі мамандар таңнан бастап ауыл тұрғындарына тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетуде. Еліміздің барлық облысын аралап келе жатқан пойыз қызметі Отырар ауданында екі күнге жалғасады.

Мамандарды станция алдынан күтіп алған аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов халықтың денсаулығы мен құқықтық көмек алуына арналған жобаның маңыздылығын атап өтті.

«Бұл жобада кез келген азамат барлық мәселеге қатысты құқықтық, психологиялық және медиативтік ең үздік кәсіби заңгерлерден, психологтерден, медиаторлардан тегін және толық көлемде қажетті көмек пен кеңес ала алады. Сондықтан шалғай ауылдарда тұрып қажетті медициналық және құқықтық көмектерді алуға мүмкіндігі болмаған тұрғындар үшін бұл үлкен мүмкіндік. Ауыл тұрғындарын бүгінгі шараға барынша атсалысып, қажетті қолдауларды тиімді пайдалануға шақырамын», – деді аудан әкімінің орынбасары.

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілі Талғат Әміржанов пен аға медбике Алтынай Күдербекова медициналық көмек көрсетуге бағытталған жобаға биыл алғаш рет кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер тартылып, тұрғындардың әртүрлі топтарына тегін медиация және заңгерлік көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: