Главная Новости Қаражанбастағы «Ғажайып алаң»
25 наурыз 2022, 09:45 1863

Қаражанбастағы «Ғажайып алаң»

Қаражанбастағы «Ғажайып алаң»

Қаражанбаста нағыз білгірлер бәсекесі «Ғажайып алаң» шоуы қайта басталды.

Бабы мен бағын сынға салуға ниет білдіргендер вахталық кенттегі мәдени-демалыс орталығына жиналды. Көктемгі мерекелерге орай зияткерлік ойын тақырыбы ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталған.

Ойынға қажетті барабан, арнайы мониторлар қойылған сахна, және жүргізуші. Кен орнындағы сайыс танымал телешоудан кем түспеді. Ойын үш кезеңнен тұрды. Олардың әрқайсысына 3 ойыншы қатысты. Іріктеуден үздік шыққандар ақтық сайыста бақ сынады. Әр қатысушының негізгі міндеті – жасырылған сөзді қарсыластарынан бұрын тауып, шама келгенше көп ұпай жинау.

«Бұл өте қызықты әрі танымдық ойын. Мұнда әр қатысушы өзін телевизиялық шоуда тұрғандай сезінеді. Түрлі цехтардан ең білімді және талантты мұнайшылар жиналатындықтан, қобажлу сезімі басым», – дейді қатысушылар.

Тартысты өткен әр кезеңде мұнайшылар ежелгі дәстүрлер мен ұлттық құндылықтар туралы айтты. Нәтижесінде № 3 мұнай өндіру цехының техник-геологы Бекмұрат Бердіханов барлық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Сайысқа қатысушыларға естелік сыйлықтары табыс етілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: