Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2024 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан мен Қытай арасында жүктерді тасымалдаудың оң қарқыны байқалды. Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4% ұлғайып, 12,8 млн тоннаны құрады. Оның ішінде ҚХР бағытында қазақстандық жүктердің экспорты 1 млн тоннаға, яғни 5,7 млн тоннаға дейін өсті.
Металл кені 37 мың тоннаға (3,3 млн тонна), көмір 79 мың тоннаға (82,5 мың тонна), қара металл 296 мың тоннаға (447 мың тонна), мұнай 90 мың тоннаға (125 мың тонна), химиялық жүк 21 мың тоннаға (43 мың тонна) өсті. Ұнтақ өнімдерінің (282 мың тоннаға дейін) және түсті металдардың (279 мың тоннаға дейін) экспорты 50% артты.
Осы жылдың 5 айында 81,3 мың тонна өсімдік майы тасымалданды, бұл 2023 жылдың ұқсас көрсеткішінен 28% артық.
Теміржол тасымалы - Қазақстан мен Қытай, сондай-ақ ҚХР мен Еуропа арасындағы жүктерді әкету мен әкелудің ең сенімді де қауіпсіз тәсілі. Елдер “Бір белдеу, бір жол” бастамасы аясында ынтымақтасады. Республика арқылы автотехника, тоқыма, құрылыс материалдары, өсімдік майлары, металл кені, химиялық құралдар мен медициналық жабдықтары бар вагондар өтеді. Жүктер Қазақстан - Қытай шекарасының Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас теміржол өткелдерінде өңделеді, жалпы тасымалдау қуаты жылына 28 млн тонна.
Бақты-Чугучак үшінші теміржол өткізу пункті іске қосылған кезде Қытай мен Қазақстан арасындағы тасымалдау көлемі жылына 48 млн тоннаға дейін өседі. Еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту үшін ҚТЖ 1300 км жаңа темір жол салады, оның ішінде биылғы жылы Достық - Мойынты екі жолды желісі пайдалануға беріледі, бұл учаскенің өткізу қабілетін 5 есеге арттырады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
78
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы