Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2022 жылдың тамыз айында іске қосылған сәттен бастап акциялық байланыс топтамасының артықшылықтарын Қазақстан бойынша алғашқы бес мың жеке кәсіпкер бағалап үлгерді. Жаңа топтаманы жасау кезінде бағаның тиімділігін сақтай отырып, ең көп сұранысқа ие қызметтерді ұсынуға баса назар аударылды.
Жаңа желі тізбегінің барлық сатылымының шамамен 30% - ы Шымкент қаласы мен Түркістан облысына тиесілі. Шымкент қаласының кәсіпкері Сәния Отарбекова KASIPKER топтамасын қосқан 5 мыңыншы абонент болды. Сәния бірнеше жылдан бері онлайн-бизнесте жұмыс істейді. Оның кәсібінің сәттілігі мен нәтижесі интернет жылдамдығына да байланысты. Кәсіпкердің барлық клиенттік базасы мен жұмыс аймағы онлайн-платформада орналасқан.
"Мен желілік маркетингпен айналысамын. Жұмыс істеу үшін маған жылдам және шектеусіз мобильді интернет, сондай-ақ қолжетімді байланыс қажет. Мен "Қазақтелекомның" жоғары жылдамдықты интернеті, шектеусіз қоңыраулары мен бейнебақылауы бар KASIPKER BARI BAR топтамасынтаңдадым. Қазіргі таңда мен клиенттерімен және серіктестермен әрқашан байланыстамын", - дейді Сәния Отарбекова.
Желі тізбегінде үш топтама бар: BAILANYSTA – әрқашан байланыста болу үшін қолжетімді интернет пен корпоративтік телефон нөміріне баса назар аударылған. QORGANYSTA – жоғары жылдамдықты интернет және бейнебақылау камерасы бар. монтаждауды қажет етпейтін қызмет. Ол бизнесті әрдайым сенімді бақылауға көмектеседі. Әсіресе озық кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін аталған қызметтер BARI BAR топтамасында жиналған.
Компанияның корпоративтік бизнес Дивизионының мамандары сатылымның қарқынды өсуін және жаңа топтамалардың танымалдылығын көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасының тиімділігімен байланыстырады.
"Тарифтік жоспарларымызды әзірлеу кезінде біз абоненттеріміздің қажеттіліктерін ескеретініміз сөзсіз. Біз еліміздің шағын және орта бизнесін қолдауға көп көңіл бөлеміз және біздің ұсынысымыз кәсіпкерлерге ұнағанына қуанамыз! "KASIPKER" топтамасы әрбір пайдаланушының талаптарына сай келетін көптеген комбинацияларды көздейді және Қазақстандағы ШОБ сегментіндегі тиімді ұсыныстардың бірі болып табылады. 2023 жылдың соңына дейін осы топтамаға 7 мыңнан астам клиентті қосуды жоспарлап отырмыз", – деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ-ның филиалы - КБД-ның маркетинг және даму департаментінің директоры Абылай Жұмагелдинов.
Сонымен қатар, байланыс топтамасын қосатын әрбір жаңа кәсіпкер автоматты түрде жаңа клиенттер арасында өтетін ай сайынғы iPhone 14 ұтыс ойыны акциясының қатысушы болады.
KASIPKERтуралы толық ақпаратты ismet.kz порталынан қарай аласыз. Сондай-ақ, порталда таңдалған қызметтерді қосуға өтінім қалдырып, онлайн шарт жасасуға болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
222
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи