Главная Новости Самұрық-Қазына мен Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді (жаңартылды)
09 желтоқсан 2019, 08:54 1510

Самұрық-Қазына мен Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді (жаңартылды)

Самұрық-Қазына мен Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді (жаңартылды) Суретте: Джон Дудас

 "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсанындағы № 907 қаулысымен Қордың тәуелсіз директорлары болып Джон Дудас, Онг Бун Хви және Қайрат Мәжібаев сайланды. Кеңес құрамынан сэр Ричард Эванс пен Вильгельм Бендер шықты.

Айта кеткен жөн, Қордың Директорлар кеңесіне, сондай-ақ ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, тәуелсіз директор Альпер Акдениз және Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов кіреді.

Джон Дудас 1959 жылы 24 желтоқсанда туған, Ұлыбритания азаматы. Ол Gencor Ltd. және BHP Billiton сияқты халықаралық компанияларда басшылық қызметтерді атқарды, онда компания тобының бас коммерциялық директоры және маркетинг жөніндегі директоры, корпоративтік жоспарлау жөніндегі директоры және алюминий бөлімшесінің бас директоры болған. 2012 жылдан бастап Джон Дудас әртүрлі көпұлтты тау-кен және кәсіби сервистік компанияларда тәуелсіз директор және корпоративтік кеңесші болып жұмыс істеді. "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесіне сайланғанға дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ тәуелсіз директоры және Директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Онг Бун Хви 1956 жылы 27 қазанда дүниеге келген, Сингапур Республикасының азаматы. Қазіргі уақытта Stewardship Asia Centre (Temasek Trust) бас директоры лауазымында жұмыс істейді. 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол Temasek Holdings басқарушы директоры, Temasek Management Services бас директоры лауазымын, Singapore Power операциялық қызмет жөніндегі бас директордың лауазымын  қоса алғанда, әртүрлі негізгі позицияларда жұмыс істеді және жетекші консалтингтік компанияның құрылтайшысы – бас директоры. Әр жылдары ол Singapore Technologies Kinetics, AETOS Security Management Ltd, A-STAR Research, Singapore Power Global Solutions and SIM Ltd. қоса алғанда, экономиканың түрлі секторларындағы компаниялардың директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін атқарды. Онг Бун Хви "Inspiring Stewardship" және "ENTRUSTED" атты екі кітаптың бірлескен авторы.

Қайрат Мәжібаев 1968 жылы 5 қаңтарда туған, Қазақстан Республикасының азаматы. 1994 жылдан бастап ТМД аумағында салалық өнеркәсіптік және қаржы холдингтерін қалыптастыруға және дамытуға арналған инвестицияларға мамандандырылған "RESMI" компаниялар тобының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы. Қазіргі уақытта "RG Brands" АҚ, Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. Әр жылдары "Ұлттық инновациялық қор" АҚ, "КИМЭП университеті" АҚ, "Қазтелерадио" АҚ, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ, "Kazakhstan Growth Fund" Директорлар кеңесінің мүшесі, "Innova Investment" ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы болды.

Бүгінгі таңда Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің уақытша төрағасы болып Нил Лонгфеллоу сайланды және келесі отырыста Кеңес мүшелері акционерлерге осы тұлғаны бекітуді ұсынбақ. 

Лонгфеллоу мырза Біріккен Корольдіктің азаматы, 2017 жылы тәуелсіз мүше ретінде Компанияның Кеңесі құрамына кірді. Ядролық институттың мүшесі мен дипломды инженері бола отырып, ол Кеңестің төрағасы лауазымында ядролық энергетика саласындағы зор тәжірибе және білімімен бөліседі. Оның тәжірибесі бұрын Westinghouse Electric компаниясына қарасты British Nuclear Fuels Limited, Springfields Fuels Limited-тің Селлафилдегі өңдеу зауытында, сондай-ақ Costain PLC-дегі ядролық және мұнай-газ салаларында атқарған түрлі позицияларды қамтиды. Қазіргі уақытта Лонгфеллоу мырза Қазатомөнеркәсіп Кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің әрқайсысы сияқты Директорлар кеңесінің барлық комитеттерінің құрамына кіреді және өндіріс қауіпсіздігі комитетінің (HSE) төрағасы болып табылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: