Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстанда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ импортты алмастыру бойынша бағдарламасы аясында бес жаңа өндіріс ашылды. Жақын арада еншілес компаниялардың бірқатар оффтэйк келісімшарттарға қол қоюы жоспарланып отыр деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың басынан бері мақұлданған жаңа жобалар қатарында – «ҚазЖЭО» зауыты базасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін Семей қаласында вагондық баяулатқыштарды және «KARLSKRONA» отандық машина жасау зауыты базасында Шымкент қаласында мұнай компаниялары мен сумен қамтамасыз етуге арналған сорғы жабдықтарын өндіру бар.
«Оффтэйк келісімшарттарды жасасу ішкі инвестицияларды ынталандырудың, Қазақстанда өндірісті құру мен дамытудың тиімді тетігі болып табылады. «AsiaTrafo» мен «КЕГОК» арасындағы бірінші оффтэйк келісімшарттың нәтижелері тек 220-дан астам жұмыс орындарын құруға ғана емес, сонымен қатар өндірісті кеңейтуге де ықпал етті. Егер бұрын жоғары вольтты трансформаторлық жабдықтар Ресейден, Украинадан, Қытайдан және басқа елдерден импортталса, бүгінде зауыт ішкі нарықтың сұранысын 100 %-ға жабады және жабдықтарды жақын және алыс шетелдерге экспорттауға дайын», - деді «Самұрық-Қазына Келісімшарт» компаниясы Бас директорының орынбасары Рахымжан Тұңғышбаев.
Ағымдағы жылдың мамыр айында «Уранэнерго» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» АҚ еншілес компаниясы) мен «AsiaTrafo» ЖШС арасында трансформаторлар шығару бойынша оффтэйк келісімшартқа қол қойылды. Қазіргі уақытта «AsiaTrafo» ЖШС мен «ҚТЖ» АҚ, «КЕГОК» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорындары арасында трансформаторлар өндіру бойынша оффтэйк келісімшарт жасасу мәселесі қарастырылып жатыр. Жыл соңына дейін Қор Қазақстанда баламасы жоқ оннан астам жаңа отандық өндірісті құруды қолдауға ниетті.
Атап өткен жөн, Қор іске асырып отырған бағдарлама елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты өнімнің жаңа түрін игергісі келетін жеке бизнес субъектілерінің бастамаларын қолдау болып табылады. Сонымен қатар, импортты алмастыру бойынша бағдарлама шеңберінде бизнесті қолдаудың басты құралы шарттың оффтэйк тетігі, яғни кепілді тікелей сатып алу, оның ішінде Қор компаниялары тарапынан ұзақ мерзімді сатып алу болып табылады.
Айта кеткен жөн, 2018 жылдың соңында Қор бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ мен «AsiaTrafo» ЖШС арасындағы оффтэйк шарты негізінде жоғары вольтты күштік трансформаторлар мен шунттаушы реакторларды шығару зауыты, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ мен «KMG Automation» ЖШС арасындағы оффтейк шарты бойынша қысым датчиктерін шығару зауыты ашылды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
51
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
58
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы