Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына орай №3 мұнай-газ өндіру басқармасы әкімшілік-әлеуметтік қамту бөлімі кәсіподақпен біріге отырып, цехаралық «Жырлаймын сені - Жаңаөзен» атты патриоттық әндер байқауын өткізді. Шара әнұранмен ашылды.
Қазылар алқасы құрамында «ӨМГ» АҚ әлеуметтік әкімшілік департаменті директоры Тарас Алеуединов, персоналды басқару және дамыту директоры Ермек Көптілеев, кәсіподақ заңгері мен маманы Назар Әбішаев пен Жанар Мананова болды.
Байқауға басқармаға қарасты 8 цех тас-түйін болып дайындалыпты. Өңкей «сен тұр, мен атайын» деген мұнайшы жігіттер мен қыздар ән айтып, 7 минуттық бейне таспасын ұсынды. Көрермендерді, әсіресе, №10 МГӨК дайындығы риза етті.
«Болғанда атам қазақ, анам қазақ, мен неге қазақтықтан сақтанамын», деп Алаш қайраткері Міржақып Дулатов айтқандай, қазақ екенін әрдайым мақтан тұтатын №1,5 МГӨК жұмыскерлері Асқар Ноғай мен Қайрат Жолдасбаевтың шырқаған әндері көпшілік көңілінен шықты. Әуесқой ақын Рәмила Аманжолова «Жаңаөзен» атты өлеңін оқыды.
№3 МГӨБ директоры Ғабит Әбенов, кәсіподақ төрағасы Валерий Қаржаубаев пен спорт әдіскері Шәріп Ақжігітов өз ісінің мамандарына құттықтау қағазы мен сертификат, дүбірлі додаларда басқарма мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатып жүрген бір топ спортшыға диплом және ақшалай сыйлық тапсырды, деп хабарлайды «Өзенмұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі.






10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
55
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы