Главная Новости 1 қарашадан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясының су беру тарифі өзгереді
09 қазан 2024, 14:42 263

1 қарашадан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясының су беру тарифі өзгереді

1 қарашадан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясының  су беру тарифі өзгереді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 1 қазанда тарифтердің күшін жою туралы 2024 жылғы 2 тамыздағы бұйрығының күші жойылды деп таныды. «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС (қатысу үлесінің 100% «ҚазТрансОйл» АҚ тиесілі)  магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттелетін қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 19 маусымдағы бұйрығымен бекітілген болатын.

экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1 қазандағы бұйрығына сәйкес магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС орташа тарифі түзетіледі.

Атап айтқанда, 2024 жылғы 1 қарашадан 2025 жылғы 30 маусымға дейін өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да коммерциялық ұйымдар үшін орташа тариф 892,70 теңге/м³ құрайды, бұл 43,18 теңге/м³ төмендеген; 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейін – 917,86 теңге/м³, бұл 30,32 теңге/м³ төмендеген; 2026 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы
30 маусымға дейін – 974,54 теңге/м³, бұл 30,33 теңге/м³ төмендеген; 2027 жылғы
1 шілдеден 2028 жылғы 30 маусымға дейін – 1 214,67 теңге/м³, бұл 30,32 теңге/м³ төмендеген; ал 2028 жылғы 1 шілдеден 2029 жылғы 30 маусымға дейін – 1 082,42 теңге/м³, яғни 30,33 теңге/м³ төмендеген.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: