Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстанда биылғы 1 шілдеден бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалатын жәрдемақы мен бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы көлемі өседі деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы. Оны алу үшін қайта құжат жинап әуре болудың қажеті жоқ.
"Нұр-Отан" партиясының XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі 30%-ға өсуі тиіс.
Бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар күнкөріс көлемінің 1,05 мөлшерінде 31 183 теңге жәрдемақы алып отыр. 1 шілдеден бастап оның көлемі 10 395 теңгеге өсіп, 41 578 теңгені құрайтын болады. Айта кетейік, елімізде аталған екі жәрдемақы түрі 95 мыңнан астам адамға тағайындалған. Олардың 82 мыңға жуығы мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар болса, 13 мыңнан астамы бала кезінен I топтағы мүгедектерге күтім көрсететіндер.
Жылдың ортасынан бастап көлемі өсірілетін жәрдемақының қайта есептелуін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері мен Еңбек комитетінің аймақтық департаменттері автоматты түрде жүзеге асырады, бұл үшін жәрдемақы алушылар қосымша құжат тапсырмайды.
"Жәрдемақы төлемдерін тағайындау шілденің және келесі әрбір айдың 1-нен 15-не дейін жұмыс күндері жүргізіледі" деп хабарлайды мемкорпорацияның баспасөз қызметі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
155
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете