Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Павлодар бөлімшесінде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Бимовтың төрағалығымен тораптық кеңес өтіп, онда теміржол торабы жұмысының қорытындысы шығарылып, проблемалы мәселелер және оларды шешу жолдары айқындалды, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәурен Бимов «ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңа, озық шешімдер мен заманауи әзірлемелер енгізуге жіті көңіл бөліп отырғандығын атап көрсетті. Осылайша, үдемелі дамыту үшін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дамудың бес: клиентке бағдарлану, бәсекеге қабілеттілік, жүйелеу, цифрландыру, кірістілік, тиімділік стратегиялық бағытын бекітті. Қолда бар әлеуетті пайдалану негізінде бизнесті трансформациялау бойынша 10 жоба және шығындарды оңтайландыруға, ОЭР-ге өнімсіз шығыстарды төмендетуге, локомотив шаруашылығының сервистік қызметтеріне және бейінді емес активтерді шығаруға бағытталған 20 негізгі міндет іске асырылатын болады. Локомотив шаруашылығының сервистік қызметі мен салалық емес активтерді шығару, ОЭР өнімсіз шығындарын азайту, шығындарды оңтайландыруға бағытталған қолда бар әлеуетті пайдаланудың негізінде 20 негізгі міндет пен бизнесті трансформациялау бойынша 10 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде жақын 5 жылда экономикалық тиімділік 50 млрд теңгені құрайды.

Дәурен Бимовтың айтуынша, стратегиялық міндеттерге қол жеткізу үшін үш мақсатты: тәртіпті, табыстылықты және оң беделді ұстану қажет. ТОП-менеджмент пен өңірлік басшылардың үнқатысуы үш қағидат: бір мақсат, сындарлы коммуникациялар және жүйелі шешімдер бойынша құрылуы тиіс.
Өз кезегінде Павлодар ЖТ бөлімшесінің басшылары торапты дамыту, бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Сонымен, жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру, құрамдарды тарату-қалыптастыру, сондай-ақ өткізу және тасымалдау қабілеттерін дамыту үшін Ақсу-1 станциясын жаңғырту бойынша іс-шаралар өткізу ұсынылды. Осының арқасында жыл сайын үнемдеу 26 млн теңгеге жеткізу мүмкін болды.
Вагондардың өсу ағынын игеру, локомотивтер мен пойыздардың бос тұруын қысқарту мақсатында аралықтың бос болуын күтіп, мынадай учаскені: Бастау аралығы – Ақсу-1 станциясын автоматты бұғаттаумен жабдықтау ұсынылды. Сондай-ақ, Екібастұз-1 станциясында тоқтаусыз транзиттік пойыздарда Павлодар-Ерейментау-Павлодар қызмет көрсету иықтарын ұзарту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Дәурен Бимов орталық аппаратқа айтылған ұсыныстарды егжей - тегжейлі пысықтауды, ал бөлімше басшылығына пайдалану көрсеткіштерін орындау, қозғалыс қауіпсіздігін бұзуға жол бермеу, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмысты жалғастыруды және темір жолда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
36
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
183
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде