Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2023 жылғы 16 қазанда Сиань қаласынан (ҚХР) «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығына орай контейнерлік пойыз жөнелтілді. Пойыз Жібек жолы арқылы Қазақстанмен Орталық Азия елдеріне өтеді.
Контейнерлік пойызды «Кедентранссервис» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы) және Сиань қаласының халықаралық құрғақ портының бірлескен кәсіпорны – Сианьда жүк терминалы құрылысын жүргізіп жатқан «Қытай-Қазақстан Сауда-логистикалық компаниясы» ЖШҚ ұйымдастырды.
Мерейтойлық пойыздың құрамында жеткізу мерзімі 12-13 тәуліктік 1000 тоннадан астам құрама жүк жөнелтілді.
Естеріңізге сала кетейік, 10 жыл бұрын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанада алғаш рет Жібек жолының экономикалық белдеуін салу туралы бастама көтерген болатын. «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру аясында Сиань ҚХР-дың барлық дерлік аймақтарынан кең номенклатурадағы жүктердің едәуір бөлігін шоғырландыратын және өңдейтін маңызды көлік торабына айналды.
Сиань қаласынан бағыттардың кең ауқымында пойыздардың үздіксіз жүруі екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін кеңейтуге қосымша серпін береді. Айта кету керек, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында пойыздардың 90%-і Қазақстан арқылы жүреді.
Осы онжылдықта Қазақстан мен Қытай арасындағы контейнерлік жүк айналымы 6,5 млн.контейнерден асты, бұл ретте Қытай - Еуропа - Қытай бағытындағы көлемдер 100 еседен астам өсті (2013 жылғы 7,6 мың контейнерден 2022 жылы 790 мың контейнерге дейін).
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
94
30 марта 16:51
Павлодарская железнодорожница открыла современную арт-выставку «Құрақ үні»
163
26 марта 18:50
ҚР Премьер-министрі «Түркістан БГҚ» құрылысының барысымен танысты
168
26 марта 16:52
Спартакиада АлЭС: энергия команды в ритме Наурыза