Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін Алматыдан 100-ден астам жолаушы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Бұхара – Алматы» бағыты бойынша жүретін «Keruen express» туристік пойызымен сапарға шықты. Турдың ұзақтығы – 5 күн. Пойыз заманауи әрі жайлы отандық өндірістің вагондарынан жасақталған. Интерьер ұлттық нақышта безендіріліп, дәстүрлі ою-өрнектермен айшықталған. Құрамда үш купелік және бір мейрамхана вагоны бар.

Бағыт бойында туристтер Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени және тарихи орталықтарына аялдап, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін жәдігерлермен танысады. Сапар барысында олар Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен көне Отырар қалашығын, Самарқандағы Әмір Темір кесенесі мен әйгілі Регистан алаңын, Бұхарадағы Арк қамалы мен Ляби-Хауз алаңын, Ташкенттегі Төле би кесенесі мен Хазрет Имам мемориалдық кешенін тамашалайды.
Турпакетке пойызбен сапар, кәсіби гидтердің сүйемелдеуі, барлық экскурсиялық билеттер мен трансферлер толық қамтылған. «Keruen express» туристік пойызы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бастамасымен және «Өзбекстан темір жолдарының» қолдауымен ұйымдастырылды.
Бұл жоба Қазақстанның халықаралық туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және өңірдің тарихи мұрасын кеңінен танытуға серпін береді.


10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
71
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы