Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«100 жас есім» жобасы қанат берген ақтөбелік жас теміржолшылар игі істерге мұрындық болуда. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар тазалық акциясы мен қайырымдылық шараларын бастады.
«Ақтөбеден 14 жас теміржолшы Түркістан қаласында өткен бірінші модульге барып келді. Қазіргі күні үй тапсырмаларын орындап жатырмыз. Оның ішінде қоғамдық жұмыс, қайырымдылық шара, челлендж өткізу секілді 10-12 бағытта жұмыс жүргізетін боламыз», – деді жобаға қатысушы Ақтөбедегі пойыздарды басқару орталығының диспетчері Қайыржан Мәдиев.

«100 жас есім» жобасының арнайы уақыты – екі жыл. Осы уақыт ішінде төрт-төрт модульден өтеді. Түрлі тренинг, тапсырма, жобалар жасалып, жастар кәсіби де, рухани да тұрғыда жетілуі көзделеді.
«Ақтөбе байланыс және көлік коммуникациялар колледжіне барып, студенттермен кездестік. Темір жолдағы жұмыс, елдегі жастар саясаты, жас мамандарға жасалған мүмкіндіктер сөз болды. Ұлттық компания тарапынан жастарға жасалған қамқорлық жөнінде айтылды. Бұл болашақ теміржолшыларға ерекше әсер етті», – деді жоба қатысушысы, Жедел реттестіру жұмыстары жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Әнуар Иштаев.

Сонымен қатар осы жастардың бастамасымен теміржолшылар арасында шағын футбол ұйымдастырылып, оған бес команда қатысты. Үздік командалар мен мықты ойыншылар марапатталды. Қазіргі уақытта «100 жас есім» жобасының жеңімпаздары жергілікті телеарналарға сұхбат беріп, теміржолшылардың жұмысы туралы, жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндап жүр. Ұйымдастырылған бастамалар тек теміржол төңірегімен шектелмей, қалаға, қоғамға үлес қосу мақсатында жастар Ақтөбе су қоймасына барып тазалық сенбілігін жүргізді.
«Алдағы мақсат – қайырымдылық шарасын ұйымдастыру. Бұл – түптеп келгенде қоғамдық жоба. Ел назарын аударуға лайық, игі ісі жұртқа үлгі боларлық жастар таңдалып, олардың ашылмаған қырлары көрініп жатыр. Халық алдында емін-еркін сөйлеп, өз ойын жеткізе алатын лидерлер қалыптасып келеді», – деді Ақтөбе жол бөлімшесі белсенді жастар жетекшісі Дархан Әнуаров.
100 жас есім жеңімпаздары қазір шілде айында өтетін екінші модульдік оқуға баруға дайындық үстінде.
Ардақ Ерубаева
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
103
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
163
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
146
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету