Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын елімізде «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы қабылданып, жүзеге асып жатты. Осы тұста Қазақстан темір жолында «100 вокзал» салу бағдарламасы қабылданды.
Кезінде теміржол көлігін реформалау кезінде жергілікті биліктің басқаруына өткен вокзалдардың дені тозып, оларды теміржолға қайтару мәселесі көтеріліп, 2011 жыл «Вокзалдар жылы» деп аталды. Шағын станцияларда 100 вокзал салып, 120 вокзалға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланды. Сол жылдары жеке меншіктен 164 вокзал ғимараты қайтарылды. Жалпы компания басқаруында 303 вокзал болды.
Жаңа вокзалдар салу үшін олардың бірыңғай дизайны жасалып, пысықталды. Жаңа ғимараттар типіне қарай ең кішісі 18 шаршы метрден басталып, 125 шаршы метрлік көлемді құрады. Станциядағы жолаушыларға қызмет ету мүмкіндігіне қарай тұрғылықты халықтың көлемі мен жолаушылар нөпіріне қарай сараланып салынған бірінші типті вокзал тәулігіне 100 жолаушыға қызмет көрсетуге есептелінген. Екінші типтілері тәулігіне 50 адамға, үшінші типті вокзалда тәулігіне 10 адамға қызмет көрсетіледі деп жоспарланған.
Олардың ерекшелігі – модульдік типте салынғандығы. Әлем елдері тәжірибесіне сүйене отырып, құрас- тырмалы түрде каркастан қаңқасы жасалған вокзал ғимараттарын 20-30 жыл өткесін оңай бұзып, орнына басқасын салуға болады. Қабырға аралықтарына «сэндвич» деп аталатын құрылыс материалы қойылып, соның арқасында вокзал ішіне қыста суық, жазда ыстық өтпейді. Бөлме температурасы бірқалыпты сақталып тұрады. Санитарлық желілері ішінде. Жылуы электрлік жолмен қамтамасыз етілген. Вокзалдардың ана мен балаға арналған бөлмесі, билет кассасы, кезекшілер орны, жолаушылар отыратын зал мен вокзал бастығының бөлмесі бар.
Бүгінде жергілікті халық, әсіресе шағын бекеттерде жолаушылар бұл жаңа вокзалдардың игілігін көруде. «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Абай Сәбитұлының айтуынша, «100 вокзал» бағдарламасы аясында салынған вокзалдар негізінен өндірістік ғимарат болып саналады. Ол нысандар әр өңірдегі ПЧ, ШЧ мекемелерінің қарамағында жұмыс істеп тұр.
Райхан Рахметова
Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
120
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»