Главная Новости 145 мыңнан астам жолаушы «Күту парағы» арқылы теміржол билеттерін сатып алды
16 октября 2024, 15:31 59

145 мыңнан астам жолаушы «Күту парағы» арқылы теміржол билеттерін сатып алды

145 мыңнан астам жолаушы «Күту парағы» арқылы теміржол билеттерін сатып алды

2024 жылдың алғашқы 9 айында 145 мыңнан астам жолаушы bilet.railways.kz сайтындағы «Күту парағы» қызметін пайдаланып, теміржол билеттерін сатып алды. Осы аралықта жолаушыларға 430 мыңнан астам бос орын ұсынылған. 

«Күту парағы» қызметі билет болмаған жағдайда жолаушыға бос орынға кезекке тұруға мүмкіндік береді. Мұны пойыз жөнелтілгенге дейін 7 күннен және 1 сағаттан кешіктірмей жасауға болады. «Күту парағы» қызметін пайдалану тәсілі:

  • Bilet.railways.kz. сайтына тіркеліп, жеке кабинетке кіріңіз;
  • Егер қажетті маршрутқа билет болмаса, парақшаның соңында «Күту парағына тұру» бөлімін таңдаңыз;
  • Қажетті бағыт пен пойыз нөмірін, сондай-ақ, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін және электрондық пошта мекенжайын көрсету арқылы «Күту парағына» өтінімді толтырыңыз;
  • Бос орын пайда болған жағдайда, сіздің жеке кабинетіңізге немесе SMS-хабарлама арқылы билетті сатып алу қажеттілігі туралы ақпарат келеді.

Кезек автоматты түрде онлайн қалыптасады, бұл жүйеге сырттан адамдардың араласуын болдырмайды. Жүйеде енгізілген билет сатудың жаңа механизмдерінің арқасында бос орындарды «ұстап алу» мүмкін емес. Бұл шаралар заңсыз әрекетті болдырмау мақсатында, сондай-ақ, онлайн қызметке өзгерістер енгізбеу үшін қолданылады.

Егер кассир 30 секунд ішінде 5 бірдей сұрау салса, билет сату жүйесі бұғатталады. Үш бірдей сұраудан кейін бағдарлама кассирді 5 минутқа бұғатталатыны жайлы ескертеді. Осылайша, бос орындарды «ұстап алуға» мүмкіндік болмайды.

Бұл қызметті жолаушылар АО «Жолаушылар тасымалы» билет кассасынан да ала алады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: