Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бұл күні кеңсе аумағында орнатылған мерекелік киіз үйлерге қызметкерлер отбасыларымен және балаларымен келді.
Салтанатты жағдайда мереке қонақтарын «CASPI BITUM» БК» ЖШС бас директоры Е.О. Қожабаев пен бас директордың бірінші орынбасары Cун Гуантао құттықтап, химиялық талдау лаборанты К.Төкенова, КИПиА слесары А.Тимченко, инженер-механик С.Жұмағазыева, ағынды суларды тазарту бойынша өндірістік операторы Қ.Балабаев, ЕЛОУ-АВТ цехының технологиялық қондырғыларының операторы Р.Чапаев, қазандық жабдықтарының аға машинисі А.Перевалов, ауысым бастығы М.Қалымбаев, инженер-эколог Ш.Джонова, тауар операторы Н.Оразбаевтарды зауыттың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен қызыметкерлердің еңбегін атап өтті.

Жергілікті өнерпаздар мен әншілердің қатысуымен өткен мерекелік концерт пен театрландырылған қойылым баршаға керемет көңіл-күй сыйлады. Жастар асқан құштарлықпен ұлттық спорт ойындары: ланга, асық, садақ ату, гір тасын көтеру, арқан тартыс бойынша сынға түсті. Әріптестер мереке қарсаңында ең үздік ұлттық киім байқауына дайындалып, көрермендер мен қазылар алқасының назарына әйелдер мен ерлердің ұлттық киімдерінің түрлері, олардың сипаттамасы мен шығу тарихы ұсынылды. Қазақтың әдет-ғұрпын білуге арналған викторина өте қызу өтті. Балалардың көңілін аниматорлар көтерді. Мерекенің шарықтау шегі үлкен мерекелік дастарханға ұласты.

Бас директор өзінің құттықтауында бүкіл әлем үшін қиын-қыстау кезеңде жаңарудың, бірлік пен өзара көмектің осынау жарқын мерекесінің ортақ тарихы пен дәстүрі біріктірген көп ұлтты еліміздің халқы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.




10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»