Главная Новости 20 жылда «Самұрық-Қазына» энергетика саласында 44 жобаны іске асырды
19 июня 2026, 11:03 35

20 жылда «Самұрық-Қазына» энергетика саласында 44 жобаны іске асырды

20 жылда «Самұрық-Қазына» энергетика саласында 44 жобаны іске асырды

20 жылда «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы 1,2 трлн теңгеден астам сомаға елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған стратегиялық маңызды  44 жобаны жүзеге асырды

«Самұрық-Энерго» желісі бойынша Екібастұз 1-МАЭС-тің №1 энергия блогы қалпына келтірілді, Мойнақ су электр станциясы салынды, Шардара су электр станциясы жаңғыртылды, жаңартылатын энергия көздері нысандары пайдалануға берілді. Сондай-ақ, «Көкөзек» пен өзге де қосалқы станцияларды салу және жаңғырту жобалары жүзеге асырылды.

KEGOC ұлттық электр желісін дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды іске асырды. Оның ішінде электр жеткізу желілері мен қосалқы станцияларды салу және жаңғырту жұмыстары бар. Аталған кезеңде кернеуі 220–500 кВ болатын 5,2 мың шақырымнан астам электр желісі салынып, жаңғыртылды. Бұл өңірлерді электрмен жабдықтау сенімділігін арттырып, елдің энергетикалық жүйесінің транзиттік әлеуетін күшейтті.

2026 жылы «Самұрық-Қазына» өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Бұл – Қазақстан экономикасын дамытуға бағытталған жиырма жылдық инвестиция.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: