Главная Новости 2021 жылы Қазақстан Темір Жолындағы коррупция деректері азайды
14 ақпан 2022, 08:23 2300

2021 жылы Қазақстан Темір Жолындағы коррупция деректері азайды

2021 жылы Қазақстан Темір Жолындағы коррупция деректері азайды

Нағыз құқықтық мемлекет құру үшін барлық салада жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. Бұл туралы жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Осы орайда теміржолдағы жемқорлықпен күрес шаралары туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Комплаенс-қызметінің жетекшісі Ирина Капановамен арнайы сұхбатты ұсынамыз.

– Қазақстан теміржолында сыбайлас жемқорлықтың жоғары тәуекелі қандай бизнес-процестерде көрініс табады?

– ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңының талаптарына сәйкес және былтыр 19 наурыздағы ҚР Премьер-министрінің Канцеляриясы тапсырмасын орындау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да құрылған жұмыс тобы өткен жылы 8 сәуір мен 28 мамыр аралығында компания мен оның еншілес ұйымдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Бұл істі жүргізуге «Адал жол» жобалық кеңсесінің өкілдері де атсалысты.

Соның нәтижесінде белгілі болғаны – жемқорлыққа әкелетін себептер мен шарттарды азайту бойынша шаралар қабылданғанына қарамастан компанияның нормативтік құқықтық актілері мен ішкі құжаттарында да, сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте де бұрынғындай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары деңгейде қалып отыр.

Сонымен жоғары деңгейдегі жемқорлық тәуекелдері теміржол қызметін көрсету барысында, сатып алу қыз- метін жүзеге асыруда, персоналды басқару және келісімшарттарды орындау кезінде жиі көрініс таба- тыны анықталды. Осы жағдайды реттеу үшін нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, комплаенс-қызмет тоқсан сайын жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша шаралар тиімділігін бағалау және орындау мониторингін жүзеге асырады. Комплаенс-қызмет пен «Адал жол» жобалық кеңсесінің бірлескен жұмыстарының нәтижесінде компания жұмысында оң өзгерістер байқалды. Мәселен, 2018 және 2019 жылдары сыбайлас жемқорлық бойынша сәйкесінше 37 және 84 заң бұзушылықтар тіркеліп, 15 және 38 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған болса, 2020-2021 жылдары бұл көрсеткіш біршама төмендегені аңғарылды, яғни аталған бұзушылықтар 8 және 12 фактіге, қылмыстық жауапкершілік 1 және 4 тұлғаға азайған.

– Компания қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік деңгейін қалай бағалауға болады?

– «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығы 2021 жылы «ҚТЖ» компаниясы өндірістік персоналы арасында әлеуметтік-еңбек қатынастарына диагностика жүргізу мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізді. Сол кезде компанияда жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік индексі 64 пайызды құрады. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, жұмысшылардың басым бөлігі компанияда сыбайлас жемқорлықтың кез келген белгілеріне теріс көзқараста.

– Компанияда персоналды жұмысқа алуда айқындылық пен ашықтыққа негізделген қандай заманауи әдіс-тәсілдер қолданылады?

– 2021 жылы компания тобында персоналды іздеу, іріктеу және бағалау процедураларын орталықтандыру бойынша жоба жасалды. Бұл «Орталықтандырылған жалдау процесі» жобасы бойынша job-порталдарда бос жұмыс орындары, скрининг түйіндеме жарияланып, үміткерлерді бағалау және конкурс комиссиясымен әңгімелесу өткізіледі. Комиссия отырыстарына тәуелсіз бақылаушылар және компанияның HR бизнес-серіктестері қатысады. Үміткермен әңгімелесу бейне, аудио жазбаға түсіріліп, адами ресурстарды басқару департаментіне жолданады. Соған қоса басшылық қызметтегі үміткерлердің сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстар жасап-жасамағаны, туыстық байланыстарының бар-жоқтығы, мүделлер қақтығысы болу-болмауы тексеріледі. Қазіргі таңда персоналды іздеу және таңдауды автоматтандыру үшін «Автоматтандырылған рекрутинг жүйесін» енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жүйеде үміткерлердің түйінде- ме базасын, компания құрылымы мен үміткерлер келісімін қарау, конкурстық комиссия хаттамасын қосу, өтінімдерді сүзгіден өткізіп, мақұлдау, түзету мүмкіндіктерін беретін қызметтер қарастырылған. Биыл ақпан мен наурызда осы жүйеге құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдарды кезең-кезеңімен көшіру жоспарлануда.

– Теміржол қызметін қолданатын жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың шағым-арыздары бойынша жұмыстар қалай жүргізіледі?

– Компанияда құпия ақпараттандыру каналдары, соның ішінде «шұғыл желі» іске қосылған. Солар арқылы жұмысшылар мен басқа да тұлғалар компания қызметінің кейбір тұстарына қатысты өз алаңдаушылығы мен шағымын бере алады. «Шұғыл желінің» байланыс нөмірлері «Комплаенс» модуліндегі корпоративтік ұялы қосымшаның веб-сайтында, кеңсе ғимараттары мен өндірістік алаңдарда орналастырылған. Сонымен қатар темір жол көлігіндегі жемқорлық мәселесі бойынша әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы жарияланған материалдарға ұдайы мониторинг жүргізіліп отырады. Сол себепті азаматтар мен жұмысшылардың және заңды тұлғалардың тарапынан түсетін бірде-бір өтінім жауапсыз қалмайды. Қазір бұрынғыдай емес, азаматтар өз талаптары мен шағымдарын айтуда батылырақ, белсендірек бола түскен, сондықтан жемқорлықпен күрес те ымырасыз болуы қажет.

Сұхбаттасқан Райхан Рахметова,

Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: