Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Энерго» АҚ Энергия өндіруші ұйымдарының өткен жылы электр энергиясын өндіру көлемі 2020 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерімен салыстырғанда 13,5 пайызға артып, 35 609,3 млн кВтс құрады. Бұл туралы Компанияның сайтында жарияланған 2021 жылғы қаңтар – желтоқсан кезеңінде Қазақстанда өндірілген электр энергиясы мен көмір нарығының талдауы туралы есепте айтылды.
Жалпы, талдауға сәйкес, Жүйелік оператордың деректері бойынша, Қазақстанның барлық электр станциялары 2021 жылы 114 447,9 млн кВтс электр энергиясын өндірді, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңнен 5,8%-ға артық. Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінің барлық аймақтарында өндірудің өсуі байқалды.
Сонымен қатар, 2021 жылы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан көрсеткіштерімен салыстырғанда республиканың электр энергиясын тұтыну динамикасында 6%-ға өсу байқалды. Мәселен, республиканың солтүстік аймағында тұтыну 5%-ға, оңтүстігінде 9%-ға және батысында 7%-ға өсті.
2021 жылы 111 742,4 мың тонна тас көмір өндірілді, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (109 227,6 мың тонна) 2,3%-ға артық.
Осы кезеңде «Самұрық-Энерго» электр энергетикалық холдингінің құрылымындағы көмір өндіруші компания «Богатырь Көмір» ЖШС, 44 632 мың тонна көмір өндірді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға артық (44 436 мың тонна). Бұл үстіне 2021 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС 44 848 мың тонна көмір сатты, оның ішінде ішкі нарыққа 34 939 мың тонна босатылды, экспортқа (РФ) - 9 802 мың тонна жіберілді. 2021 жылы көрсеткіштері бойынша, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда «Самұрық-Энерго» АҚ-да көмір сатудың 2,5%-ға өскені байқалады.
Нарықты талдауға сәйкес, ҚР ЖЭК-ті (КЭС, ЖЭС, БГС, шағын ГЭС) пайдалану объектілерінің электр энергиясын өндіру көлемі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 4 220,3 млн кВтс құрады. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңімен салыстырғанда өсім 30,1%-ды құрады.
«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК объектілерінің (КЭС, ЖЭС, шағын СЭС) электр энергиясын өндіруі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 325,3 млн кВтс немесе ҚР-да ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясы көлемінің 7,7%-ын құрады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
97
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады
101
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона