Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» Қорында қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңес өтті. HSE (health, safety and environment) арнайы бөлімі Қор құрылымында Басқарма Төрағасының бастамасымен осы мақсаттарға жету үшін құрылған, деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі.
Алмасадам Сәтқалиев атап өткендей, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында еңбек ететін әрбір адам қауіпсіздік мәдениетін ұстануы тиіс.
HSE мәселелерінің стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, 2022 жыл «Самұрық-Қазына» Қорына кіретін компаниялар мен Қордың өзінде «Еңбек қауіпсіздігін қорғау» жылы деп жарияланды.
Кеңейтілген отырыста биылғы жылдың 11 айында жүргізілген жұмыс барысында жарақат алуды азайту шараларының нәтижелері мен қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша қазіргі ахуал сөз болды. Бірқатар портфельдік компаниялардың басшылары өндірісте жарақаттанудың алдын алуға бағытталған шаралар туралы, сонымен қатар еңбек қауірсіздігін бойынша озық тәжірибелерді енгізу барысы туралы баяндама жасады.
Қор басшысының пікірінше, өндірістегі оқыс оқиғалар ең алдымен портфельдік компаниялар басшылығын есе жіберуі себебінен орын алып, өндірістегі жарақаттануды жоққа шығару үшін бизнес-модельдерді қайта қарастыруды қажет етеді.
«Көп жағдайда қарапайым жұмысшылар біз «өндірістегі жарақаттануды» жоққа шығара алмаймыз деп санайды. Алайда, халықаралық алып компаниялардың тәжірибесі көрсеткеніндей, бұған әбден қол жеткізуге болады. Компаниялардың басшылары өздері үлгі көрсетуі керек. Әрбір қызметкердің қауіпсіздігі басты назарда болуы шарт», – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Ол үшін компаниялар тобында кешенді аудит жүргізіп, HSE бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлеу мәселесін қарастыру ұсынылды. Қор және оның портфельдік компаниялары үшін озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, HSE бойынша ортақ стандарттар әзірлеу қарастырылады. Ал аудит нәтижелері тәуекелдер мен кедергілердің кешенді бағалауын жүргізіп, біліктілік пен технологиялық қауіпсіздікке және мердігерлер қызметіндегі қауіпсіздік мәселелерін жүйелендіруге септігін тигізбек.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
32
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
182
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде