Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Алматы өңірі – Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан аймағының бірі. Электр энергиясын электр станцияларынан тұтынушыларға беру – энергетика саласындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы тұста «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ тұрақты даму динамикасын көрсетіп отыр.
Жыл сайын Алматы қаласы мен қарқынды дамып жатқан Алматы облысының электр желілері кешенін жаңғырту және дамыту бойынша күрделі міндеттер алға қойылады. Алайда, әлі күнге толық шешімін таппай келе жатқан мәселе бар, ол – электр нысандарының жеке тұлғаның меншігінде болуы.
Жаңадан электр қуатына қосқан кезде бәрі ойдағыдай болады. Алайда, біраз уақыттан кейін сол трансформаторлар бақылаусыз қалады. Желіде апаттық жағдай болса, бүкіл торап автоматты түрде өшіп қалады. Алатау Жарық Компаниясының мамандары жөндеуге барса, торап жекеменшікте болғандықтан кіре алмай жатады. Екі ортада халық зардап шегеді.

Асылов Абай Ноғайұлы Алатау Жарық Компаниясы АҚ Басқарма Төрағасы
Күрмеулі мәселе өз шешімін табуы тиіс. Себебі, әрбір энергетикалық нысанымыздың ақаусыз жұмыс істеуіне ең алдымен халық, денсаулық сақтау нысандары, әлеуметтік сала, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілері мен ірі кәсіпорындар тәуелді.
Электр қуаты – көзге көрінбейтін күш болғандықтан, бұл мамандық ерекше сақтықты қажет етеді. Ешбір оқу орны бәрін білетін электрик-энергетикті дайындай алмайды. Нағыз маманды уақыттың өзі қалыптастырады. Осыған байланысты, кәсіби шеберлікті арттыру, мамандарды шыңдау мақсатында компанияның оқу-жаттығу орталығында жыл сайын дәстүрлі түрде жарыстар ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, мамандар техникалық қауіпсіздікке байланысты үнемі емтихан тапсырып отырады.
2018 жылдан бері ең озық технологияларды пайдалана отырып, заманауи қосалқы станцияларын салып жатырмыз. Алматы қаласында орналасқан 56 қосалқы станцияның 37-сі қайта құрылған. Біз Қазақстанда бірінші болып тұрақты аймақтық электрмен жабдықтау жүйесін құрдық. Салынған «220 кВ сақинасы» қала мен облыстың бүкіл агломерациясының ұзақ мерзімді дамуын белгілеуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда электр желілерін дамытудың арқасында «АЖК» АҚ кез келген тұтынушылық жүктемені қосуға дайын.
Бүкіл Алматы өңірі бойынша жыл басынан бері «АЖК» АҚ-ның энергетикалық желілерінде ауқымды жаңғырту жүргізілді. Оның ішінде ескірген жабдықтарды ауыстыру немесе қайта құру, сондай-ақ мүлде жаңа қосалқы станцияларын салу жұмыстары атқарылды. Атап айтар болсақ, Алматы облысында өңір экономикасын дамыту үшін аса маңызды энергетикалық объект – «Көкөзек» қосалқы станциясының (ҚС-110/10-10кВ) құрылысы аяқталып, өндіріске енгізілді. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («АЖК» АҚ) іске асырған жоба Қарасай ауданында бос қуат тапшылығы бар индустриялық аймақты электр энергиясымен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, жаңа қосалқы станция шағын және орта бизнес субъектілерін сенімді және тұрақты түрде электрмен жабдықтауға мүмкіндік беріп және өңірде қажетті әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді салу мүмкіндігін де кеңейтті.
Инвестициялық бағдарламаға сәйкес қолданыстағы электр желілерін жаңғырту және жаңа электр желілерін салу, сондай-ақ ескірген жабдықты ауыстыра отырып, қолда бар трансформаторлық қосалқы станцияларды реконструкциялау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылды. Осы жобаларды іске асыру желілердің өткізу қабілетін арттыруға, электр энергиясын беру кезіндегі техникалық шығындарды азайтуға, апатты үзілістер санын азайтуға, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ жаңа тұтынушылардың қосылуын қамтамасыз етуге және желідегі кернеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қайта жаңартылған 35-110-220 кВ қосалқы стансалары электр қуатына деген қажеттіліктерді толығымен өтеуде, ендігі мақсаттарымыздың бірі – 10, 6 және 0,4 кВ электр тарату желілерін толығымен жаңарту болмақ. Соңғы жылдары біз қала орталығындағы инфрақұрылымды реконструкциялау жұмыстарын жүргізудеміз. Жерді қазып, жаңа электр желілерін тартып жатқанымызды тұрғындардың өздері де көруде. Желілерді жерасты төсеуге арналған мұндай жоғары сапалы инженерлік шешімдер тұрғындар үшін қауіпсіз жағдай туғызуда. Электр желілерін жаңғырту бағдарламамыз қаланың көп бөлігін жоғары сапа стандарттарына жеткізуге арналған.
Сонымен қатар, Алматы облысының әкімдігімен бірлесе отырып, Қонаев қаласы мен оған жақын орналасқан индустриялық аймақтың барлық инфрақұрылымын дамыту жұмыстары да жүргізілуде. Бұл жобалар ауқымды болғандықтан уақытты талап етуде.
Тағы айта кетерлік жәйт, спорттық ойындардан 2023 жыл «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ үшін табысты жылдардың бірі болды. «Самұрық-Қазына» АҚ жылда өткізетін Спартакиада ойындары биыл да үлкен ауқымда аталып өтілді. Дүбірлі додада бағы мен бабы келіскен спортшылар үздік шықты. Солардың қатарында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жұмысшылары да бар. Арқан тартыс, қол күрес, тоғызқұмалақ пен шахмат, асық ату сынды жарыстардан оза шауып жеңіс тұғырына шыққан жеңімпаздарымызбен мақтанамыз. Энергетик мамандығымен қатар спортта жеңіс тұғырына шығу үлкен құрметке ие.
Қойылған міндеттердің орындалуы, жоғары вольтты электр желілерінен, автоматтандырылған басқару жүйесі бар қосалқы станциялардан, қуатты трансформаторлардан және т.б. заманауи энергетикалық инфрақұрылымды пайдалана отырып салынған нысандардың арқасында жүзеге асуда. Алайда, қаланың шекарасы жыл сайын кеңейюде, электр энергиясын тұтыну көлемі де айтарлықтай артуда. Демек, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметіне артылатын міндет жыл санап өсуде. Біздің мамандар осы міндетті қалтқысыз орындауда аянбай еңбек етуде.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
53
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
60
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы