Главная Новости 2023 жылдан бастап «Күміс жас» жобасына 50 жастан асқандар да қатыса алады
12 қыркүйек 2022, 09:39 2114

2023 жылдан бастап «Күміс жас» жобасына 50 жастан асқандар да қатыса алады

2023 жылдан бастап «Күміс жас» жобасына 50 жастан асқандар да қатыса алады

Қазір жобаға қатысу үшін қазақстандықтардың жасы 58-ден асқан болуы тиіс.

«Күміс жас» жобасына 2023 жылдан бастап 50 жастан асқан қазақстандықтар да қатыса алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету үшін Қазақстан әйелдері қозғалысының»  белсенділерімен кездесуінде айтты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

«Күміс жас» жобасы аясында әйелдерді жеке көмекшілер, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар, жас қызметкерлер үшін тәлімгерлер және тағы басқа қызметші ретінде жұмысқа орналастыру жүзеге асырылады

«Жобаға қатысу кезеңі еңбек өтіліне есептеледі, ал 30 АЕК (2023 жылы – 100 мың теңге) мөлшеріндегі төлем сомасы зейнетақыны есептеу кезінде табыс ретінде қаралады. Осылайша, аталған әйелдер санаты зейнетке шыққан кезде қазіргі кездегідей 20 мың теңге емес, жобаға қатысу өтіліне байланысты 70 мың теңгеге дейін алады» делінген министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ, 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ және тек жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы алатын адамдар үшін жаңа шарт – жинақтаушы зейнетақы енгізілмек. Бұл жүйеден төлемдер жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің пайдасына жүзеге асыратын қосымша жарналар есебінен төленеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: