Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚТЖ-да 2023 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды. Қазақстанның барлық өңірлерінде Филиалдық желісі бар компанияда 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2023 жылы жалақы 20% көтерілді. Бүгінгі таңда компанияның өндірістік персоналының орташа жалақысы республикалық деңгейден 26% асып түсті.
2023 жылы қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ауқымды іс-шаралар өткізілді. 228 ғимарат, 467 үй-жай және локомотив бригадаларының 37 демалыс үйі жөнделді. Желілік қызметкерлерді жұмыс орнына жеткізу үшін 384 бірлік көлік сатып алынды.
ҚТЖ желісі бойынша жұмыс жүргізу үшін шалғайдағы станцияларға шығатын теміржолшылардың толыққанды демалуына барлық қажеттімен жабдықталған (душ кабиналары, тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ және т.б.) 132 модульдік ғимарат орнатылды. Ғимараттарға барлық қажетті инженерлік коммуникациялар қосылған. 2024 жылы 120 астам модульдік ғимарат орнату жоспарлануда. Қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Ұлттық компания қызметінің басым бағыты теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып қала береді. Сондай-ақ, 2024 жылдың негізгі міндеттерінің бірі – тасымалдау көлемін ұлғайту және транзитті дамыту, цифрландыру бағдарламаларын іске асыру, теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамды жаңарту.
2023 жылдың қорытындысы бойынша компанияда өндірістік және қаржылық көрсеткіштер өсімінің оң қарқыны байқалды. Пайдалану жүк айналымы 270 млрд т-км-ге жетіп, өткен жылға қарағанда 7% өсті. Контейнерлердегі транзиттік тасымалдар 1 млн 28 мың ЖФЭ құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5% артық. Қазақстан мен Қытай темір жолдары арасындағы жүктерді тасымалдау көлемі 22% өсіп, 28 млн тоннаға жетті.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
156
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете