Главная Новости 2024-2025 жылдары Астанада 24 жайлы мектеп бой көтереді
21 қазан 2024, 13:51 71

2024-2025 жылдары Астанада 24 жайлы мектеп бой көтереді

2024-2025 жылдары Астанада 24 жайлы мектеп бой көтереді

Астанада жыл соңына дейін 9 мектеп ашылады.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада жаңа мектептердің салынып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

«Білім ошақтарының құрылыс барысымен таныстым. Жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз», - деп жазды елорда әкімі.

Қала әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Жыл соңына дейін ашылатын мектептерді ескерер болсақ, тапсырылатын жайлы мектептердің жалпы саны 17 болмақ.

Мәселен, қыркүйек айында 15 мектеп аштық. Олардың тоғызы – «Жайлы мектеп» жобасы аясында. Жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашамыз, оның сегізі – ұлттық жоба аясында. Осылайша, тоғыз жаңа мектеп екі ауысымда тағы 30 мыңнан астам оқушы орнын құрады. Бұл оқу орындары тағы 4 мектепте үш ауысымды оқыту, 3 мектепте тығыздылығы жоғары режимі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Біз сол сияқты алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына жеке инвестициялар да тартамыз», - деп жазды елорда әкімі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: