Главная Новости 2025 жылғы АЕК мөлшері – 3 932 теңге. Ең төмен жалақы мен зейнетақы мөлшері қанша болады
26 тамыз 2024, 17:38 435

2025 жылғы АЕК мөлшері – 3 932 теңге. Ең төмен жалақы мен зейнетақы мөлшері қанша болады

2025 жылғы АЕК мөлшері – 3 932 теңге. Ең төмен жалақы мен зейнетақы мөлшері қанша болады

Ең төмен күнкөрiс деңгейi – 46 228 теңге болып белгiленеді, деп хабарлады Информбюро порталы

Қаржы министрлігі Ашық НҚА порталында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қоғамдық талқыға жариялады. 

Заң жобасында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі экономикалық көрсеткіштер қандай мәнге ие болатыны жазылған. Атап айтқанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • жалақының ең төмен мөлшерi – 85 мың теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 32 360 теңге;
  • зейнетақының ең төмен мөлшерi – 62 771 теңге;
  • айлық есептiк көрсеткiш – 3 932 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 46 228 теңге болып белгiленбек. 

Сондай-ақ, заң жобасынан адам жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 8,5 пайызға артатыны белгілі болды. 

"2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы болып белгiленсiн. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн", – делінген заң жобасында. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: