Главная Новости 2029 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының 20%-дық профицитін қалыптастыру жоспарлануда
29 октября 2026, 10:29 37

2029 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының 20%-дық профицитін қалыптастыру жоспарлануда

2029 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының 20%-дық профицитін қалыптастыру жоспарлануда

Президент Жолдауын жүзеге асыру: 2029 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының 20%-дық профицитін қалыптастыру жоспарлануда.

2029 жылға дейін Қазақстанда 13,3 ГВт жаңа энергия қуатын, соның ішінде 7,4 ГВт дәстүрлі генерация және 5,9 ГВт ЖЭК қуат көздерін іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс баяндады.

«Жалпы алғанда, 2029 жылға дейін жоспарланып отырған жаңа қуаттарды іске қосу іс-шаралары экономика мен халықтың электр энергиясына деген барлық қажеттілігін, оның ішінде энергияны көп қажет ететін жасанды интеллект инфрақұрылымы мен ірі ДӨО-ларға да жеткізуге, сондай-ақ өндіруші қуаттардың 20%-дық профицитін қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді вице-министр.
 

Бүгінгі таңда Энергетика министрлігінің мәліметінше, барлық энергия қуатының негізгі бөлігін дәстүрлі генерациялау көздері қалыптастырып отыр: көмір электр станциялары – 13,7 ГВт, газ электр стансалары – 7,1 ГВт және ірі гидроэлектростансалар – 2,5 ГВт, ЖЭК нысандары – 3,8 ГВт.

2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпы электр энергиясын өндірудегі ЖЭК-тің үлесі жоспарланған 7%-дан асып 8,5%-ға жетті. 2035 жылдың соңына дейін кемінде 8,4 ГВт-тық жаңа ЖЭК қуатын, оның ішінде шамамен 1,8 ГВт күн генерациясын іске қосу күтілуде.

t.me/KZgovernment

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: