Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"Тау-Кен Самұрық" ұлттық компаниясы Шоқпар-Гагаринское кен орындарын игеру бойынша жобаның геологиялық барлау кезеңінің табысты аяқталуын мәлімдеп отыр. Қазіргі уақытта өңдеу жұмыстарын жүргізуге лицензия алу күтілуде. Осылайша аталған қазақстандық кен орындарында 21 тоннадан астам алтын мен 135 тонна күмістің бары анықталып, мемлекет қарауына қойылған.
"Шоқпар-Гагаринское" ЖШС ("Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ 100% еншілес компаниясы) мамандары Жамбыл облысында орналасқан кен орындарында өнеркәсіптік сапасы мен қор есебін бекіте отырып, геологиялық барлау жұмыстарының бағалау кезеңдерін аяқтады деп хабарлайды Ұлттық тау-кен компаниясының баспасөз қызметі.
ҚР Қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешімімен Гагаринское кен орынының қорлары С1+С2 санаты бойынша – 2257,4 мың тонна кен, орташа құрамы 4,48 ж/т алтын – 10 104,3 кг, орташа құрамы 37,31 ж/т күміс – 84,2 тонна мөлшерде бекітілген.
Шоқпар кен орынының қорлары С1+С2 санаты бойынша –1554,1 мың тонна кен, орташа құрамы 7,05 ж/т алтын – 10 952,9 кг, орташа құрамы 33,14 ж/т күміс – 51,5 тонна мөлшерде айқындалған.
Жобаның келесі кезеңдерін іске асыру үшін "Тау-Кен Самұрық" стратегиялық серіктестер тартуға мүдделі.
Гагаринское кен орны Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматыдан батысқа қарай шамамен 200 шақырымда және Отар теміржол стансасынан 60 шақырымда орналасқан.Телімнен Алматы-Бішкек автотрассасына дейін қатты жабын төселген жол 17 шақырым; дала бойынша – 8 шақырым. Жақын орналасқан теміржол стансасы Бірлік кен орнынан 35 шақырымда. Жоғары вольтты электр желісі Бірлік кентінде аяқталады, төмен вольтты электр қуаты телімнен 8 шақырымдық қашықтықта өтеді.
Шоқпар кен орны Жамбыл облысының Қордай ауданының аумағында Гагаринское кен орнынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Алматы - Бішкек автомагистралына шығатын асфальтталған автожол кен орнынан 5 шақырым қашықтықта өтеді. Шу және Отар теміржол стансаларына өткел бар. Кен орнынан 10 шақырым қашықтықта кен орнына тармақталған жоғары вольтты электр желісі өтеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
55
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы