Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Мақсатқа ұмтылған, жігерлі де кәсіби білімді мұнайшылар еліміздің экономикасын нығайтуға баға жетпес еңбек сіңіріп келеді. Бірегей кен орнын игеріп, өңірдің өрге дамуына қаражанбастықтар да сүбелі үлес қосып жүр.
Солардың бірі Сәуле Байжанова – Қаражанбасмұнай тарихының басталуы мен қалыптасуына куәгер. Кейіпкеріміз Алматыдағы есеп-несие техникумын тәмамдаған соң, еңбек жолын «Жетібайнефть» МГӨБ-де бухгалтер ретінде бастады. 1996 жылы ҚБМ-ға жетекші бухгалтер болып ауысып, содан бері компанияның өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.
«Қаражанбасқа жастық оты жалындап, асқақ мақсаттармен келген жас маман едік. Содан бері компания дамып, біз де онымен бірге өстік. Қажырлы еңбегімізбен біз ҚБМ-ның тұрақтылығы мен беріктігіне өз үлесімізді қоса береміз», – дейді Сәуле Байжанова.
Биыл ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Атаулы дата Сәуле Байжанова үшін аса маңызды. Өйткені ол 1986 жылы студент шағында көптеген замандастарымен бірге желтоқсан оқиғасына қатысты. Өзі өрімдей бойжеткен болса да, бейбіт те тәуелсіз өмір үшін барын салды.
«Осы жылдар ішінде мұнай-газ саласы айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, мемлекет тарихында маңызды рөл атқарды. Ал біз тәуелсіз елдің қалыптасуына куәгерміз. Мен 25 жылымды үздік мұнай компанияларының бірі – Қаражанбасмұнайдағы жұмысқа арнадым. Бұл мен үшін зор мақтаныш», – дейді Сәуле.
Қызметтегі кәсібилік пен тәжірибе арқасында Сәуле Байжанова ҚБМ бас бухгалтерінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып жүр. Ол көп жылғы еңбегі үшін талай марапат пен алғыс хаттарға ие болды. Компанияда сауатты бухгалтер, үйде сүйікті немерелерін тәрбиелеп отырған қамқоршы әже, ана. Оның басты мақсаты - келер ұрпақ санасына Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықты сіңіру.
Дереккөз: «Қаражанбасмұнай» АҚ ресми сайты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
76
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы