Главная Новости 3 жылдыққа – 3 мың теңгелік билеттер
03 мамыр 2022, 11:15 1524

3 жылдыққа – 3 мың теңгелік билеттер

3 жылдыққа – 3 мың теңгелік билеттер

2019 жылдың мамыр айында алғашқы рейсін жасаған FlyArystan бюджеттік әуе компаниясына биыл – 3 жыл.

FlyArystan 3 жылдық мерейтойына орай билеттер сатылымын ұсынады. Тек 3 мамырда Қазақстан ішінде саяхаттауға 3 мың билет 3 мың теңгеге қолжетімді. Билеттерді мамырда сатып алып, 2022 жылдың 1 қырқүйегі мен 31 қазан аралығында саяхаттауға болады. Арзан билеттер FlyArystan мобильдік қосымшасында және FlyArystan.com сайтында 3 мамырда 12:00-ден 4 мамырдың 00:00-не дейін қолжетімді.

 

«Біз қазақстандықтарды үш жыл бойы қолжетімді саяхаттармен қуантып келеміз. Туған күн қарсаңында мерейтойлық 6 миллионыншы жолаушыны тасымалдадық. Алғаш рет бұл бала болып шықты, анасы екеуі Ақтау-Ыстамбұл бағытында сапар шеккен екен. FlyArystan-ның 11% жолаушысы бүлдіршіндер екенін атап кеткен жөн. 2019 жылдан бері 0-14 жасты саяхатшы балалар саны 719 мыңға жетті. Бұл – бізбен кәсіпкелер мен туристер ғана емес, сонымен қатар отбасылы жолаушылар тұған-туыстарына жиі саяхаттайтынын дәлелдейді», – деді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Мадина Бужинова.

Қазіргі таңда FlyArystan 40 бағытта оның ішінде 11 халықарлық бағдарларда қатынайды. 2022 жылдың мамырына қарай әуекомпания 39 мыңнан астам рейстерді орындады. FlyArystan әуе флоты Airbus A320 10 ұшақтарынан тұрады. Үш жылдың ішінде 6 миллион тасымалдаған жолаушылардың 600 мыңнан астамы бірінші рет ұшақта сапарды бізбен шеккен екен. Осылайша әрбір оныншы жолаушы FlyArystan арқылы ұшу тәжиребиесіне ие болды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: