Главная Новости 300 қатысушы және 17 мамандық: «Үздік маман» байқауының қорытындысы шықты
14 қазан 2024, 09:14 242

300 қатысушы және 17 мамандық: «Үздік маман» байқауының қорытындысы шықты

300 қатысушы және 17 мамандық: «Үздік маман» байқауының қорытындысы шықты

Маңғыстау облысында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының жұмысшы мамандықтары арасында өткізілген жыл сайынғы «Үздік маман-2024» байқауы өз мәресіне жетті.

Мұнай-газ кешені саласындағы 17 мамандық бойынша 300 қатысушы өз шеберліктерін сынады. Биыл байқауға алғаш рет Румыниядан келген KMG International қызметкерлері қатысты. Ақтық кезең жарысының қатысушылары – бұл өз ұжымдары арасында іріктеуден өткен жеңімпаздар.

Іс-шараның жабылу салтанатында ҚМГ басшысы Асхат Хасенов жиналғандарды құттықтап, барлық қатысушылар жақсы нәтиже мен жоғары кәсіби шеберлік көрсеткендерін атап өтті.

«ҚазМұнайГаз және оған қарасты барлық кәсіпорындар – ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосып отырған компаниялар. Өңірлерде азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған ауқымды әлеуметтік жобалар белсенді іске асырылуда. Бұған сіздердің әрқайсыңыздың қосып жатқан үлестеріңіз зор. «Үздік маман-2024» байқауы біздің мамандардың білім деңгейі мен кәсібилігінің жоғары екендігін тағы да дәлелдей түсті», — деп атап өтті Асхат Хасенов.

Байқау екі кезеңнен тұрды: теориялық білімді тексеруге арналған тестілеу және практикалық тапсырмаларды орындау. Жарыстар ҚМГ-ның еншілес компанияларының өндіріс алаңдарында өтті — «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (Жетібай), «ҚазТрансОйл» АҚ (Маңғыстаумұнай құбыры басқармасының оқу орталығы), «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС (Ақтау қаласындағы химиялық талдау зертханасы).

«Үздік маман - 2024» байқауының қатысушылары бұл дода жыл сайын ҚМГ еншілес компанияларының еңбек ұжымдарын біріктіріп, мұнай-газ саласындағы мамандықтар бойынша шеберлікті шыңдауға көмектесетінін атап өтті.

Жарыстың нәтижесі бойынша төмендегі қатысушылар жеңімпаз атанды:

Үздік мұнай және газ өндіру операторы

1-орын – Мұратжан Теңізбаев,  «Қаражанбасмұнай» АҚ

2-орын – Аманкелді Ерсайынов, «Ембімұнайгаз» АҚ

3-орын – Бауыржан Сәрсенбаев, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС

Үздік қабат қысымын ұстау операторы

1-орын – Мұрат Бағланов, «Қазгермұнай» БК» ЖШС

2-орын – Руслан Абдрахманов, «Ембімұнайгаз» АҚ

3-орын – Роман Аманшаев, «Қаражанбасмұнай» АҚ

Үздік ұңғыларды зерттеу операторы

1-орын – Арғын Кенжемағанбетов,  «Қаражанбасмұнай» АҚ

2-орын – Ерсайын Пірмаханов, «Қазгермұнай» БК» ЖШС

3-орын – Бекен Байгубенов, «Өзенмұнайгаз» АҚ

Үздік тауар операторы

1-орын – Джумагуль Чонтыбаева, Салтанат Зеганшина, «Өзенмұнайгаз» АҚ

2-орын – Ғани Ерғали,  Сәндібек Абилов, «Ембімұнайгаз» АҚ

3-орын – Дәурен Айсиев, Бегарыс Жолдасбаев, «ҚазТрансОйл» АҚ

Үздік цементтеу агрегаты - 320 машинисі (моторисі)

1-орын – Асқар Беркалиев, Нұрлыбек Жұмағалиев, «Ембімұнайгаз» АҚ

2-орын – Ержан Юсупов, Сағынғали Аразалиев, «Өзенмұнайгаз» АҚ

3-орын – Асылбек Нұрғалиев, Есім Басшиев, «Қаражанбасмұнай» АҚ

Технологиялық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету слесарі

1-орын – Самат Төленов, «ҚазТрансОйл» АҚ

2-орын – Владимир Миниханов, «Қазгермұнай» БК» ЖШС

3-орын – Юрий Носырев, «CASPI BITUM» БК» ЖШС

Үздік электр газбен дәнекерлеуші

1-орын – Рашид Бақтығалиев, «ҚазТрансОйл» АҚ

2-орын – Ғалымбек Құлшанаев, «Oil Construction Company» ЖШС

3-орын – Аслан Байдаулетов, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС

Үздік электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электр жөндеушісі

1-орын – Мереке Ермағанбетов, «Өзенмұнайгаз» АҚ

2-орын – Азат Шынтөреев, «Ембімұнайгаз» АҚ

3-орын – Батырлан Құспан, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС

Үздік технологиялық қондырғылар операторы

1-орын – Бердібек Адилов, «Ембімұнайгаз» АҚ

2-орын – Ізбасар Бисенбаев, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС

3-орын – Бағдат Қарар, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС

 Ұңғыларды жерасты жөндеу бригадасы

1-орын – Арман Қасанов, Болат Тәттібаев, Абат Имашев, Манарбек Ахмеджанов, «Ембімұнайгаз» АҚ

2-орын – Әділбек Аманчаев, Сабит Ермағамбетов, Ерлан Кемелхан, Мұрат Төлембетов, «Oil Services Company» ЖШС

3-орын – Айбек Ұлықпанов, Марат Сауытбеков, Мұханбетсабыр Шаяхметов, Айбек Өмірбеков, «Қаражанбасмұнай» АҚ

3-орын – Мақсат Айдарханов, Зұлқарнай Мурзабеков, Нұрлыбек Наукебаев, Махсет Есмағанбетов, «Өзенмұнайгаз» АҚ 

Үздік химиялық талдау лаборанты (мұнай өндіру)

1-орын – Күнсұлу Худайбергенова, «Өзенмұнайгаз» АҚ

2-орын – Әсия Ахметова, «Ембімұнайгаз» АҚ

3-орын – Арайгүл Кемесай, «КазТрансОйл» АҚ

Үздік химиялық талдау лаборанты (мұнай өңдеу)

1-орын – Айсәуле Иманбай, «CASPI BITUM» БК» ЖШС

2-орын – Динара Кенжебаева, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС

3-орын – Бахытгүл Ешенқұлова, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС

Үздік компрессорлық қондырғылар машинисі

1-орын – Максим Максимов, «Қазгермұнай» БК» ЖШС

2-орын – Азим Шубаев, «Қаражанбасмұнай» АҚ

3-орын – Максим Быченко, «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС

Үздік жүргізуші

1-орын – Ермек Сақтағанов, «Өзенмұнайгаз» АҚ

2-орын – Нуриахмет Ермеков, «Ембімұнайгаз» АҚ

3-орын – Досан Райсов, «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС

Үздік бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі

1-орын – Рахим Айтжанов, «Өзенмұнайгаз» АҚ

2-орын – Жеңісбек Маханбетов, «Қаражанбасмұнай» АҚ

3-орын – Сұлтан Арманұлы, «Қазгермұнай» БК» ЖШС

Үздік технологиялық сораптар машинисі

1-орын – Асқар Қарымсақов, «Ембімұнайгаз» АҚ

2-орын – Өркен Бәйденов, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС

3-орын – Нұрберді Набиев, «CASPI BITUM» БК» ЖШС

Үздік токарь

1-орын – Нұрсейіт Қонырбаев, «Ембімұнайгаз» АҚ

2-орын – Дәулетбай Джаппасбаев, «Қазгермұнай» БК» ЖШС

3-орын – Марат Кененов, «Өзенмұнайсервис» ЖШС

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: