Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қырағылығы және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігімен байланысты ықтимал ауыр зардаптардың алдын алғаны үшін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің 39 қызметкері биылғы екінші тоқсан қорытындысы бойынша «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлады Rail-News.kz.
Олардың әрқайсының кәсібилігі, зейінділігі, жедел іс-әрекеттерінің арқасында вагондардың жолдан шығуына, апаттар мен соқтығысуларға жол берілмеді. Ақмола, Павлодар жүк тасымалы бөлімшелері мен «Батыс» филиалының вагон тексеруші-жөндеушілері өздерін оң қырынан көрсете білді, сол үшін де оларға ақшалай сыйлық төленді.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Семей, Жамбыл бөлімшелерінің, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалы және Атырау бөлімшесінің 14 қызметкеріне «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісі 30 АЕК көлемінде бір реттік ақшалай сыйақы төлеумен табыс етілді. Қызметкерлерді ынталандыру үшін жұмыс беруші 1,8 млн теңгеден астам қаражат бөлді.
Осы жылдың 15 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Құмыстау-Таусамалы аралығымен жүріп келе жатқан кезде құрамында машинист Юрий Земзюлин және машинист көмекшісі Ернар Бияхметов бар локомотив бригадасы бұрылысты учаскеден шыққанда пойыздың үйілген тастарға барып соқтығысуын болдырмады. Сол күні тас пен топырақ опырылып темір жолды жауып қалған болатын.
2022 жылдың 19 маусымында Балқаш станциясындағы ӨТБ вагондарын тексеруші-жөндеуші Есқат Боқашев жүк пойызы вагонындағы доңғалақ жұбы бөлшектерінің ақауын тауып, жол жүрісі бойында апаттың алдын алды. Мақат станциясында және «Батыс» филиалының Атырау бөлімшесінің вагон қараушы-жөндеушісі Жолдыбай Айтжанов вагондарды автотіркеу тетігіндегі ақауды анықтап, қырағылық танытты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
59
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
73
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды