Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес «Көлік сервисі орталығы» АҚ акцияларының жүз пайыздық пакеті республикалық мемлекеттік меншікке қабылданды. Қазіргі уақытта акцияларды кейінірек «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға беру ұйғарымымен «Самұрық-Қазына» АҚ меншігіне өткізу процесі жүріп жатыр.
Еске сала кетсек, Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша және Үкіметтің 2022 жылғы 20 сәуірдегі №233 қаулысы негізінде, теңгерімінде Қазақстан бойынша 400-ден астам кірме жолы бар Көлік сервисі орталығының акцияларын мемлекеттік меншікке беру туралы шешім қабылданған болатын. Осыған орай, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да Көлік сервисі орталығының кірме жолдарында вагондарды қою және алу үшін, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету үшін жұмыс топтары құрылды. Оларды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары – жол бөлімшелерінің директорлары басқарды. Аталған топтарға «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарының – магистральдық желі бөлімшелерінің, заң және қаржы-экономикалық қызметтердің өкілдері кірді.
Бұдан басқа, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесіне жылжымалы құрамның жүруі, маневрлік жұмыстар, вагондарды тиеп-түсіру және басқа да технологиялық операциялар үшін, сондай-ақ жылжымалы құрамның тұруы үшін кірме жолды ұсынуға қатысты КСО қызметтері бойынша әр түрлі алымдар мен өзге де түсімдердің жаңа баптары енгізілді.
Уәкілетті орган КСО-ның 2022-2026 жылдарға арналған тарифтерін бекітті, олар өңірге байланысты 80-92%-ға төмендетілді. Атап айтқанда, маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру және басқа да технологиялық операциялар, сондай-ақ жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну тарифі осы жылға 8,7 теңге вагон/сағат (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітілді. Ал жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну тарифі 147,3 теңге вагон-км (ҚҚС-сыз) мөлшерін құрап отыр.
Сұлугүл Бакесова;
Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
103
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы