Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«42 500 теңге» әлеуметтік төлемі тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.
«42 500 теңге» төлемі тағайындалмағанмен келіспейтін азаматтардың өтініштеріне байланысты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төлемдер тағайындау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) жоғарыда көрсетілген төлем тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қарау алгоритмін реттейтін түзетулер енгізді.
Бұрын «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған өтініштерді қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру қажет.
Өтініш беріледі:
Жұмыс беруші тарапынан – ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.
Өз бетінше – әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша жұмыс істейтін адамдар.
Растайтын құжаттар тізбесі:
Қызметкерлері үшін құжаттар беретін жұмыс берушілер үшін:
- жалақысы мақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрықтар;
- жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа құжаттар);
- мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан).
ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:
- мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан);
- табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа да құжаттар).
АҚС шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:
- заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған АҚС шарты.
Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығы бар/жоғы туралы қорытынды шығарады.
Оң қорытынды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшесіне беріледі, ол «Өтініш берушінің электрондық іс макетін» қалыптастырады және деректерді МӘСҚ филиалына береді. МӘСҚ филиалы әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысымен немесе МӘСҚ филиалының шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші растайтын құжаттармен аудандық (қалалық) штабтың жұмыс органы арқылы облыстық (қалалық) штабқа жүгінеді. Облыстық (қалалық) штаб «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындау құқығының бар/жоғы туралы қорытынды шығарады. Оң қорытынды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшесіне және одан әрі МӘСҚ филиалына беріледі.
Карантин талаптарын ескере отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады.