Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Кен орнын игеру жұмыстарының басталғанына куә Қаражанбас ардагерлері - біздің қазынамыз әрі мақтанышымыз. Олардың адал еңбегі мен кәсібилігі арқасында «Қаражанбасмұнай» АҚ ірі, табысты компанияға айналды. Үлкендер жолын жалғаған жас буын ардагерлерді құрмет тұтып, жоғары бағалайды және олардан үлгі алады. Солардың бірі – өмірінің 46 жылын мұнай саласына арнаған ардагер геолог Айгүл Сәденова.
Биыл өндіріс озаты 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Десек те, оның мұнайшылар қатарына енді қосылған сәті әлі күнге дейін көз алдында. Айгүл Сәденова еңбек жолын 1975 жылы Жетібай кен орнындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары цехының операторы болып бастады. Онда 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеген Айгүл, кейін ҚБМ орталық кеңсесіне геолог болып ауысты. ҚБМ-ға келгеннен бастап оның компания дамуына қосқан үлесі орасан зор.
«Тоқсаныншы жылдары мұнай саласы дағдарысқа ұшырады, бұл кезде Қаражанбаста тоқтаусыз жұмыс жүргізіліп жатқан еді. Мұнайшыларға қолайлы жағдай жасалмағандықтан, жұмыс істеу қиынға соқты. Бірақ біз бар күшімізді салып, әріптестермен бірге барлық қиындықтарға қарсы тұрдық. Қазіргі айырмашылық жер мен көктей. Мен қанатын кеңге жайған ҚБМ-ды мақтан тұтамын», – дейді Айгүл Сәденова.
Ол компанияға келген шақта, мұнай өндіру бірнеше учаскеде ғана жүргізіліп жатқан еді. Бірақ жыл өткен сайын кейіпкеріміздің көз алдында жаңа мұнай қабаттары зерттеліп, дами түсті. Жаңа ұңғымалар бой көтеріп, Маңғыстаудың жер қойнауынан алынатын қор көлемі артты. Ардагер геолог еңбек жылдарын, жетістікке ұмтылған әрбір әріптесі мен Компанияны сағынышпен еске алады.
«Мен тағдырымның Қаражанбаспен тоғысқаны үшін өте ризамын. Бұл жақтан өз ісін сүйетін, екінші отбасымды, яғни әріптестерімді таптым. Әлі күнге дейін ардагерлерге барып, көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп жүрген ҚБМ ұжымына алғысым шексіз», – дейді ол.
Айгүл Сәденова мұнай саласындағы жұмысын үй шаруасымен шебер үйлестіре білді. Қамқор ана қазір 12 немересіне жылулық пен махаббат сыйлап, адалдыққа тәрбиелеп отырған аяулы әже.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
162
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»