Главная Новости 50 жыл бұрын жабылған теміржол маршруты қайта ашылады
29 наурыз 2023, 15:20 893

50 жыл бұрын жабылған теміржол маршруты қайта ашылады

50 жыл бұрын жабылған теміржол маршруты қайта ашылады

АҚШ-тағы Amtrak ұлттық жолаушылар компаниясы мен Пенсильвания штатының жергілікті теміржол әкімшілігі екі жылдық зерттеуден кейін Скрантон қаласы мен Пенсильвания штатының ірі алты қаласын және Нью‑Йоркті байланыстыратын 50 жыл бұрынғы маршрутты қайта іске қосу жөнінде шешім шығарды, деп хабарлады Rail-news.kz.

Зерттеу барысында пойыздар кестесін құрастыру, жолаушылар ағыны, экономикалық пайда мен теміржол инфрақұрылымының жай-күйі бағаланды. 

Нью-Йорк пен Скрантон арасын шамамен 2 сағат 50 минутта жүріп өтетін күніне үш жұп пойыз қозғалысын ұйымдастыру жоспарлануда. Қозғалыстың жоғары жылдамдығы шамамен 177 км/сағ болуы мүмкін, ал жылдық жолаушы тасымалы 470 мың адамға бағаланып отыр. Скрантон мен Нью-Йорктен басқа, жеті аралық станцияда аялдамалар қарастырылған.

Бұған дейін бұл маршрут бойынша пойыздар жүрген, тек 1970 жылы оны тиімсіз деп тоқтатқан. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: