Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бойынша жас көшбасшыларды дамытуға бағытталған 7 Qadam бағдарламасы жалғасуда. Биыл бағдарламаның үшінші легі жаңа үлгіде екі бағытта жүзеге асырылатын болады:
Бағдарлама жұмысшы мамандықтар жылы аясында әзірленді және қолданбалы салаларды қамтиды: электроника, электромонтаж, аналитикалық бақылау, Дәнекерлеу технологиялары, еңбекті қорғау, экология және арнайы техниканы басқару.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобының атынан қатысушылардың бірінші командасы 31 наурыз бен 4 сәуір аралығында Екатеринбургте өтетін AtomSkills-2025 халықаралық чемпионатында өнер көрсетеді. AtomSkills – әлемнің түкпір-түкпірінен келген мамандар тәжірибе алмасатын, салалық шешімдерді ұсынатын және біліктілік стандарттарын әзірлеуге қатысатын атом саласындағы ең ірі алаң.
Алда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері Қазақстанның намысын қорғайтын басқа да халықаралық чемпионаттарға қатысу күтіп тұр.