Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Вагон+вагон» және «Пойыз+пойыз» бағыттары бойынша ауысып отыру қызметтері іске қосылған сәттен бері 9,5 мыңнан астам жолаушы бұл баламалы мүмкіндік арқылы тікелей билет болмаған жағдайда да сапарын сәтті жалғастырды. Бұл қызметтер жолаушылар арасында сұранысқа ие.
«Вагон+вагон» қызметі жолаушыға бір пойыздың шегінде бір вагоннан екіншісіне ауысып, екі бөлек билет рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл тікелей орын болмаған кезде, аралық станция арқылы межелі бағытқа жетудің ыңғайлы тәсілі саналады. Мәселен, жолаушы 28 мамыр күні Астана-Алматы бағытына билет сатып алуды жоспарлайды. Алайда бұл бағытта орын болмаған жағдайда жолаушы әуелі Астана-Ағадыр бағытына билет сатып алып, кейін Ағадыр-Алматы бағытына сол пойыздың басқа вагонынан билет рәсімдей алады.
«Пойыз+пойыз» қызметі — екі түрлі пойыз арасында ауысып отыру арқылы жол жүру мүмкіндігін ұсынады. Бұл жолаушыға бағытты икемді жоспарлауға және сапарын тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Қызметті қалай пайдалануға болады?
1.bilet.railways.kz сайтына кіріңіз.
2.Сапар бағыты мен күнін таңдаңыз.
3.Егер тікелей билеттер қолжетімді болмаса, жүйе автоматты түрде балама нұсқаларды — «пойыз+пойыз» немесе «вагон+вагон» — ұсынады.
4.Өз қажеттілігіңізге қарай «Пойызбен ауысып отыру – пойыз+пойыз» немесе «Ауысып отыру – вагон+вагон» бөлімін таңдаңыз.
5.Ұсынылған маршруттар ішінен ең қолайлы нұсқаны таңдаңыз.
6.Жеке деректерді толтырып, билет рәсімдеуді аяқтаңыз.
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы немесе bilet.railways.kz сайтынан алуға болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
62
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
63
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы