Главная Новости «Біз өндірістегі қызметкерлерді қысқартпаймыз» – Алик Айдарбаев
01 маусым 2020, 08:18 1866

«Біз өндірістегі қызметкерлерді қысқартпаймыз» – Алик Айдарбаев

«Біз өндірістегі қызметкерлерді қысқартпаймыз» – Алик Айдарбаев

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев жұмыс сапарымен Атырау және Маңғыстау облыстарына барды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Сапар барысында Алик Айдарбаев қос өңірдің басшыларымен кездесті. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен COVID-19 індетінің таралуына байланысты Теңіз кен орнындағы жағдай талқыланды. Ал Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовпен кездесуде Компанияның өндіруші кәсіпорындарындағы вахталық ауысымды ұйымдастыру мәселелері қаралды.

ҚМГ басшысы жұмыс сапары барысында еншілес кәсіпорындар, сервистік компаниялар басшылары және кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен де жиналыс өткізді. Өз сөзінде Алик Айдарбаев індеттің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың арқасында кен орындардағы жағдай тұрақты екенін атап өтті. Сонымен қатар, өндіріс орындарында алдын алу шараларын әрі қарай қатаң сақтауды тапсырды.

«Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша жұмысты жалғастырып, алдын алу шараларын қатаң сақтау маңызды. Бұл – барлық деңгейдегі басшыларға жауапкершілік жүктейді», – деді Алик Айдарбаев.

ҚМГ басшысы Компанияның қаржылық жай-күйіне де тоқталып кетті. Нарықтық жағдайдың теріс әсерін азайту үшін «ҚазМұнайГаз» дағдарысқа қарсы бағдарламаның тұжырымдамасын әзірледі.

«Қазір жағдай күрделі. Компанияны сақтап қалу үшін тиімді шаралар қабылдау қажет. Біз қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шығынды төмендеген кіріске сәйкес келтіруге және дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындыққа бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламаның тұжырымдамасын әзірледік», – деп атап өтті ҚМГ басшысы.

Іске асырылып жатқан дағдарысқа қарсы шаралар аясында барлық компаниялар тобы бойынша шығын 146 млрд теңгеге қысқартылды. Орталық аппараттың ұйымдық құрылымы қайта қаралып, қызметкерлер саны 34%-ға оңтайландырылды. Топменеджерлердің жалақысы 30%-ға, орта буын басшыларының жалақысы 20%-ға қысқарды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін барлық сыйақы мен бонустар алынып тасталды. Дегенмен, қатардағы қызметкерлердің жалақысы бұрынғы деңгейде сақталды. Бұған қоса Орталық аппаратта басшыларға арналған қызметтік көліктен бас тартылды.

«Еншілес ұйымдар туралы айтатын болсақ, өндіріс пен қызметкерлерді жұмыспен қамтылуына қатысы жоқ барлық шығындар қысқартылды. Жағдайға қарай тағы қандай шығындарды азайтуға болатынын алдағы уақытта көре жатармыз.

Өндірістегі қызметкерлерді қысқарту жоспарымызда жоқ. Басты міндетіміз – жұмыс орындарын сақтап қалу. Бірлесе отырып, қиындықты еңсеретінімізге сенімдімін», – деді Алик Айдарбаев.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев еншілес кәсіпорындардың басшыларына жолдаған үндеуінде қуат көздеріне сұраныстың және мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі Компанияға қалай әсер ететінін айтып берді. Оның айтуынша, жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ қаржылық көрсеткіштері едәуір төмендейді деп күтіледі. Бұдан басқа, ОПЕК+ келісімі аясында Компания өндірісті азайтады, бұл мердігерлік ұйымдардың тиісті жұмыс көлемінің азаюына әкеледі.

«Сондықтан еншілес және сервистік компаниялардың басшылары қалған жұмыс көлемін жыл соңына дейін тиімді үлестірулері қажет. Мүмкін жұмыс кестесін өзгертуге тура келеді. Осы мәселені жергілікті деңгейде әлі де мұқият пысықтауымыз керек. Бірақ тағы да қайталап айтамын, барлық өндірістік қызметкерлердің жұмыс орындары сақталуы тиіс», – деп тапсырды ҚМГ басшысы.

Атырау облысына сапары барысында ҚМГ басшысы біріктірілген газ-химиялық кешені құрылысының барысымен де танысты. Қазіргі кезде жобаның дайындығы 66%-ды құрайды. Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Сыйымдылық және жылу алмастыру жабдығының, металл конструкциялардың және құбырлардың монтажы жүргізілуде. Алдағы кезеңде күрделі технологиялық жабдықтың құбырларын жинақтау, монтаждау және бекіту жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Алик Айдарбаев Атырау өзен портына барып, онда Оңтүстік Кореяда жасалған аса маңызды өте ауқымды жабдықтың теңіз көлігімен жеткізу барысымен танысты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: