Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ісі мен сөзі сай келіп, білімі мен білігі ұштасып, жауапкершілік жүгін арқалағандардың қатарында кейіпкеріміздің де есімі ерекше аталады. Түн қатып, күн шабуылдап қара алтын өндірісіндегі ауыртпашылықты «берекелі күннің ризығы» деп ұғатын еңбек адамдарының елеулі істерін қалай мадақтасақ та жарасады.
Біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміз өндіріске өмірінің қырық жылын арнаған білікті маман.
Сабыр Самиев – Шебір ауылының тумасы. Ол Тұщықұдық ауылындағы орта мектепті тәмамдаған соң, екі жылдай совхоз жұмысына араласады. Кейіннен әскер қатарының сапында азаматтық борышын өтеп, елге келген соң, 1984 жылы «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында оператор болып еңбек жолын бастайды. Бүгінде технологиялық сораптар машинисі болып қызмет істеп жүрген Сабыр Самиевтің өндірістен тапқан марапаты да мол. Ұжым алдындағы мерейі де үстем. Бүгінде ағаны ұстаз тұтатын әріптес, жора-жолдастың қатары көбейген.
Сабыр аға қызмет істейтін мұнай айыру және өткізу цехы – қара алтын өндірісінің жүрегі десек те болады. Өйткені, аталған цехтың көмегімен тәуліктік жоспар жүзеге асып, ел дамуының көрсеткішіне айналып отыр. Адал қызмет қып, абырой жиған маман осы ретте ұжым жұмысшыларына артылатын жауапкершіліктің зор екенін айтады.
«Қазіргі уақытта ұжымда 70-ке жуық адам бар. Жауапкершілік бар жерде жұмыс та өнімді, еңбегің де бағалы. Босаңсуға әсте болмайды. Бұл берісі біздің адал еңбегіміз, отбасымыздың нәпақасы болса, арысы мемлекетіміздің болашағы үшін өте маңызды ғой. Сондықтан өндіріске келген әрбір адам мұны терең түсінеді деп ойлаймын», – дейді білікті маман.
Еңбекпен есейген Сабыр аға бүгінде бақытты шаңырақтың иесі. Құдай қосқан қосағымен екі ұл тәрбиелеп, немере сүйіп, ұрпақтарының қызық-қуанышын елінің ортасында базарлап отырған абзал азамат. Ал азаматқа еліне қызмет етуден, ұрпағын ұшпаққа шығарам деп тірлік кешуден артық мұрат бар ма?!
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
222
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи