Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасына қарасты пайдаланыстағы жабдықтарды прокаттау жөндеу цехы бүгінде жер астына қысыммен су айдайтын сорғыларды және станок-качалкалардың балансирлерін жөндейтін жалғыз цех. Аталған цех мұнай қыздыратын пештерді жылытатын 4 секциялы қондырғыларды жасауды өз міндетіне алған. 80 адам жұмылдырылған цех таңғы сегізден бастап қызу жұмысқа кіріседі. Жүйкеңді жейтін зырылдаған станоктардың қасына қамалып, көк түтінге бой үйреткен жұмысшылардың еңбегін ерлік демей көр. Әрқайсысы – өз ісінің нағыз майталманы. Соның бірі – Қамысбай Егізеков.
Қамысбай Егізеков 1966 жылы Түркменстан республикасы, Көне-Ургенч поселкесінде туған. Елге қоныс аударған соң Жаңаөзен қаласындағы №4 орта мектепте білім алады. Кейін ҚКТУ №162 орта кәсіптік-техникалық училищиесін 1984 жылы III дәрежелі слесарь-сантехник, газ дәнекерлеуші мамандығы бойынша тәмамдайды.
Сол жылы «Комсомольскнефть» деп аталған тұста еңбекке араласқан 18 жастағы бозбала талай мықтылармен үзеңгі қағыстырып, ел дамуына үлес қосқанын қимастықпен еске алады. Бүгінде атынан ат үркетін мықтылардың алдын көргенін абырой санайды. Қамысбай ағамен сырлы сұхбатымыз осылай басталды.
Бүгінде дәнекерлеу саласының қыр-сырын әбден жетік білетін аға маман бұл кәсіпте төзімділік, табандылық, ептілік аса қажет екенін шегелеп айтты.
"40 жылдан аса еңбек жолымда бірнеше жұмысшыға тәлімгер болдым. Олардың ішінен Айболат Сейітов, Рүстем Баймұханов сынды ізбасар мамандарды ерекше атап өтер едім. Дәнекерлеуші – жоғары біліктілік пен шеберлікті ұштастыратын мамандық. Электр немесе газ арқылы металдан жасалған бөліктерінің метал құрылымдарын дәнекерлейміз. Жұмыста өндірістік қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады. Қазір өндірістегі ахуал айтарлықтай өзгерді. Кенорындарындағы бұрынғы кезең мен қазіргі кездің арасында үлкен айырмашылық бар дер едім. Қазір біздің цехта заманға сай жаңа технологиялар, дәнекерлеу аппараттары, тағы да басқа мұнай өндіруге қажетті жабдықтар мол. Бұл жұмыстың өнімді әрі тиімді жүруіне көп ықпал етеді", - дейді еңбек адамы.
Қамысбай Егізековтің туған екі ағасы да – өндіріске өмірін арнаған абыройлы жандар. Үлкен ағасы Тілектес Жұмаев «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының жетекші энергетигі болып жұмыс істеп, зейнетке шықса, екінші ағасы Қалпақбай Жұмаұлы Жаңаөзендегі Бұрғылау басқармасының диспетчерлік қызметтің басы-қасында.
Өзі де құрметтен құралақан емес. 2016 жылы Маңғыстау мұнайының 55 жылдығы және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының құрылғанына 50 жыл толуына орай Құрмет грамотасын қолына алса, әрмен қарай Қаламқас кенорнының 40 жылдығына орай «Ерен Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталыпты. «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Мұнай саласына сіңірген еңбегі үшін» деген марапаттар - маңдай тері мен адал еңбегінен тапқан несібесі. Еңбегі берекелі, тұрмысы бақуатты Қамысбай Егізеков үш қыз бір ұлдың әкесі. Бүгінде Құдай қосқан қосағы Гүләр Бердиевамен бақуатты күн кешкен, шаңырағы ынтымақ пен бірлікке ұйыған жанұя. Тұңғыш қыздары Әл-Фараби атындағы ұлттық университетте білім алып, бүгінде шетел компаниясында жұмыс істесе, екінші қызы биыл 11 сыныпты тәмамдады.
Әлқисса... 40 жылдық еңбек ғұмырнамасында «Тәртіпке бас иген - құл болмайды» деген тәмсілді құп көретін жайсаң мінезді жақсы ағаның Алла жазса бейнетінен зейнеті де жақын. Қамысбай Егізековтің өз ұжымында абырой-беделі, алар орны елеулі. Азаматтың бағы әп-сәтте... Маңдай тер, адал еңбектің шыңға шығаратынын осыдан көр!
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ баспасөз қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
201
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету