Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Мұнай өндіру қиындығы мен қызығы мол, жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап ететін күрделі процесс. Қаражанбаста еңбек ететін мыңдаған мұнайшы күн сайын адал қызметімен ел ырысын еселеуге елеулі үлес қосып келеді. Солардың қатарында қабат қысымын ұстау цехының машинисі Мұратбек Чакенов те бар.
Кейіпкеріміздің Бозашы түбегіндегі еңбек жолы осыдан 35 жылдан астам уақыт бұрын басталды. Бұл «Қаражанбастермнефть» мекемесінде өндіріс жұмыстары жандана бастаған шақ еді. Қызметін компрессорлық қондырғы машинисі болып бастаған Мұратбекке алғашында жер астына ауа айдау жұмыстары жүктелді. Соңғы 20 жыл көлемінде қабат қысымын ұстау цехында слесарь, артынша сорап қондырғысының машинисі болып еңбек етіп келеді. Алдыңғы буын ағалардың тәлімін алып, тәжірибе жинаған ол бүгінде өз ісінің майталман маманына айналды.
«Біздің жұмыста жауапкершілік бірінші орында тұруы тиіс. Себебі біз мұнай дайындау және айдау цехында өңделген шикізаттан қалған суды жер астына қайта айдау жұмыстарын жүргіземіз. Осылайша жер асты қабаттарының қысымын ұстап тұруға атсалысамыз. Бұл өндірістегі ең маңызды процестің бірі», – дейді кейіпкеріміз.
Бақыттың кілтін еңбектен тапқан Мұратбек жастайынан самбо күресін серік еткен балуан. Спорт шеберіне үміткер ертеректе Қаражанбаста өткен қазақша күрес сайысында топ жарған алғашқы чемпиондардың бірі. Өлке өндірісін өркендетуге үлес қосып жүрген жұмысшы үш ұлы мен одан тараған 6 немересіне өз ісіне деген адалдық кез келген маманды биік белестерге жеткізетінін үнемі айтып отырады.
"Қаражанбасмұнай" АҚ баспасөз қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады
101
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона