Главная Новости Әділ Сүйебай: «Корпоративтік БАҚ клубы өз уақытында құрылды деп есептеймін»
06 тамыз 2018, 10:23 5977

Әділ Сүйебай: «Корпоративтік БАҚ клубы өз уақытында құрылды деп есептеймін»

Әділ Сүйебай: «Корпоративтік БАҚ клубы өз уақытында құрылды деп есептеймін» Әділ Сүйебай

«Самұрық-Қазына» қоры компаниялары тобындағы басылымдар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға» нақты қадам жасап, Қазақстанда Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдарының клубы дүние келді. Осы орайда аталған бірлестіктің вице-президенті болып сайланған Әділ Сүйебай мырзамен тілдестік.

Оқырмандарын «Өзен» корпоративтік газетімен қуантып отырған «Өзенмұнайгаз» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Әділ Сүйебай ішкі коммуникацияны дамытып, корпоративтік БАҚ мәртебесін көтеруде Клуб жұмысының аса қажеттігін жасырмайды.

 - Әділ Қосайұлы, корпоративтік басылымдардың кәсіби бірлестігіне қажеттілік бұрыннан бар ма еді?

 - Бәрімізге етене жақын, ортақ бұл қауымдастықтың «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының жанынан құрылғаны өте орынды және уақтылы болды деп есептеймін. Әрине, Қорға кіретін компаниялардың көпшілігінде баспасөз қызметтері немесе жұртшылықпен байланыс бөлімдері әдеттегідей айына бір-екі рет газет шығарып, интернет сайт, телевидение арқылы өз қызметкерлеріне ақпарат таратып отырады.  Алайда, цифрлы технологиялар қарыштап дамыған кезде, менің пікірімше, ақпарат тарату тәсілдерін де заман талабына сай өзгерту қажет сияқты.  Корпоративтік басылымдар тек ақпарат құралдары ғана емес, белгілі бір дәрежеде идеологиялық, коммуникативтік функцияларды да атқаратындығын ескерсек, бұл қызметтің маңызы арта түседі. Елдік мәнде Корпоративтік БАҚ клубы кеңестері арқылы орталық пен өңір, мысалға Астана мен Жаңаөзен арасы жалғасын тауып, өндірістің, ондағы еңбек адамдарының байланысы жанданады, саладағы бір елдің азаматтары әлеуметтегі түйткілді жайттарға көңіл бөле түседі. Өздеріңізге белгілі, қазір әлеуметтік желілердің ақпарат алмасуда, қоғамдық пікір қалыптастыруда орны орасан. Қоғамдық қарым-қатынаста бұл жайтқа айрықша мән беру қажет. Корпоративтік БАҚ клубы осы бағыттарда жүргізіліп жатқан жұмыстарды сараптап, жүйелендіру, тәжірибе алмасу, цифрлы технологиялар мен әлеуметтік жүйелердегі жаңа трендтерді меңгеру, бірлескен шаралар өткізу мақсатында тиімді көмекші құралға айналатынына сенім мол.

 - Алғашқы отырыстан ойға не түйдіңіз? Әріптестердің тәжірибе алмасуы барысында өз ұжымыңызда, «Өзенмұнайгаз» компаниясындағы ішкі коммуникация барысында кәдеге жарататын пайдалы дүниелер болды ма?

 - Басқосуда әріптестердің атқарылған жұмыстар жөніндегі есептері өте қызықты, әрі өнегелі болды. Мәселен, тоқсан жылға жуық шежірелі тарихы бар, таралымы 17 мың «Қазақстан теміржолшысы», Атырау мұнай өңдеу зауытының «Новатор» басылымы,  «Еуразиялық топ жаршысы» газеті, «Мұнайлы мекен» газеті, тағы басқа басылымдардың таныстырылымы сәтті өтіп, кейінге пайдалы азық боларлық ой қалдырды. Сонымен бірге, «УМЗ» басылымының қызметкерлері арасында фотосайыс, блиц-сауалнама жүргізуі, «КЕGОК» компаниясының TED-форматта басшылардың қызметкерлермен кездесуін ұйымдастыруы, Павлодар мұнай өңдеу зауытының «Нефтепеработчик» газетінде «Медиалидер» сайысын өткізуі ұнады. Алдағы уақытта бірқатар идеяларды өз газетімізге енгізуді жоспарлап отырмыз.

Жалпы корпоративтік басылымдар клубы аясында жыл бойы арнайы түрлі арнайы оқулар, семинар-тренингтер, Қор басшыларымен кездесулер сынды көптеген шаралар көзделуде. Бастапқы қарқын да құптарлық, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Нұрлан Құсайынұлымен онлайн сұхбаттасуға мүмкіндік туды. Бұл жерде Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Ербол Амангелдіұлы Исмаилов сынды азаматтарға алғысым зор.

 - Бұл ретте өздеріңіздегі жұмыс тәжірибесімен бөлісе кетсеңіз...

 - «Өзенмұнайгаз» АҚ-да Жұртшылықпен байланыс департаменті 2013 жылдың қаңтар айында құрылған. Компанияның корпоративтік сайты, «Өзен» аталатын төл басылымы, телестудиясы, әлеуметтік желілерде ресми парақшалары бар. Кері байланыс үшін Watsаpp, Facebook, ұялы байланыс, қызмет телефоны және электронды пошта қарастырылған. Жалпы, Департамент ұжым ішінде ішкі коммуникацияларды жүзеге асырып,  Жас мамандар кеңесі арқылы жастар саясатын жүргізіп отыр. Сондай-ақ, 50 жылдық тарихы бар компанияның фото және видео құжаттардан құралған мұрағатын жасақтау, ардагер мұнайшылар жайында фильм түсіру, тағы басқа ауқымды іс-қимылдар тындырылуда. 

Алдаберген КЕМПІРБАЙ

 

 

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: