Главная Новости «Әділет» партиясының іскерлік кеңесі: ҚМГнегізгі жобаларын таныстырды
08 июля 2026, 12:39 47

«Әділет» партиясының іскерлік кеңесі: ҚМГнегізгі жобаларын таныстырды

«Әділет» партиясының іскерлік кеңесі: ҚМГнегізгі жобаларын таныстырды

Астанада «Әділет» партиясының іскерлік кеңесінің отырысы өтіп, онда мұнай-газ саласын дамытудың өзекті мәселелері, мемлекеттік қолдау және салалық саясатты жетілдіру шаралары талқыланды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов ұлттық компанияның қызметі туралы айтып берді және негізгі даму бағыттарына тоқталды.

— Мемлекет тарапынан қабылдаған геологиялық барлауды ынталандыру шаралары, атап айтқанда күрделі жобалар бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшартын енгізу және экологиялық рұқсаттарды алу рәсімдерін жеделдету ҚМГ-ға геологиялық барлау жұмыстарының ауқымды бағдарламасын бастауға мүмкіндік берді., — деді ол.

Бүгінгі таңда ҚМГ портфелі 4,7 млрд тоннаға жуық шартты отынның жиынтық геологиялық қоры бар 23 жобаны қамтиды. Алдағы уақытта 26 іздеу-барлау ұңғымасын бұрғылау және ірі сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу көзделген.

Терең орналасқан қабаттарда көмірсутекті іздеу – бұл техникалық тұрғыдан үлкен сын-қатер әрі көп қаржыны қажет етеді. Қолданыстағы кен орындар қорының табиғи сарқылуы аясында ҚазМұнайГаз ұлттық компания ретінде республикамыздың энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауқымды геологиялық барлау жобаларын іске асыруды өз мойнына алады.

— ҚазМұнайГаз көлемі 60 мың шақырымды қамтитын өңірлік сейсмикалық барлау бағдарламасын іске асыруды ұсынады. Бұл ондаған жылдар ішінде алғаш рет заманауи әдісті қолдана отырып, еліміздің аса перспективті мұнай-газ аумағын кешенді зерттеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Осы бастаманы іске асыру үшін Үкіметтің қолдауымен негізгі шаралар пысықталуда, — деп атап өтті ҚМГ басшысы.

Сонымен қатар ескі кен орындарында мұнай өндіру деңгейін ұстап тұру үшін компания жаңа технологияларды енгізіп жатыр. Мұнай алуды ұлғайту әдістерін қолдану ауқымды инвестицияны қажет етеді, бұл өз кезегінде кен орындарды пайдалану мерзімін ұзартуға, өндірістік инфрақұрылым мен жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді. Технологияларды енгізу нәтижесінде 2040 жылға қарай қосымша 55 млн тоннаға жуық мұнай өндіріледі деп күтілуде.

Айта кетсек, бүгінгі таңда ҚМГ өндіретін мұнайдың 60% ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталуда, бұл ретте ескі кен орындарда шамамен 46 мың адам жұмыспен қамтылған. А.Хасенов атап өткендей, ұлттық компанияның басым бағыттарының бірі мұнай өңдеуді дамыту болып қала береді.

Бүгінде ҚМГ отандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік мүмкіндіктерін кеңейту, оның ішінде жөндеуаралық кезеңді ұзарту есебінен МӨЗ тиімділігін арттыру, сондай-ақ Шымкент және Павлодар зауыттарының қуатын ұлғайту бойынша бірқатар стратегиялық жобаны іске асыруда. Нәтижесінде 2031 жылға қарай бензин өндірісі 3 млн тоннаға, дизель отыны 5 млн тоннаға, авиациялық керосин шығару көлемі 1 млн тоннаға ұлғайтылмақ.

Соңғы жылдары ҚМГ мұнай-газ химиясы саласын дамытуға ерекше ден қойды. Бүгінгі таңда ішкі нарықтағы сұраныс деңгейі тұрақты артып келеді – соңғы бес жылда полиэтилен тұтыну көлемі 57%, ал полипропиленді тұтыну 30% өсті. Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. зауыты іске қосылғаннан кейін полипропилен импортының үлесі 2022 жылғы 65%-дан 2025 жылы 8% дейін қысқарды.

— ҚазМұнайГаз Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында энергетика нарығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұнай-газ саласындағы стратегиялық жобаларды іске асыруды жалғастырады, — деп түйіндеді А.Хасенов.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: