Главная Новости Әкелі-балалы мұнайшылар әулеті
05 қазан 2021, 08:10 1102

Әкелі-балалы мұнайшылар әулеті

Әкелі-балалы мұнайшылар әулеті

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген халық даналығы мұнай саласын серік еткен жұмысшыларға да қатысты айтылса керек. Ел арасында еңбегімен еленген қара алтын игерушілер жас буынға игі ісімен үлгі. Бала шақтан әке жолын жалғап, болашағын өндіріспен өруді қалайтын ұрпақ әр мұнайшының отбасында кездеседі.

Жаңабай Бекбосынов 30 жылға жуық уақытан бері Қаражанбастағы мұнай игеру жұмысына атсалысып келеді. Еңбек жолын №2 мұнай өндіру цехында оператор болып бастаған ол, қара алтын игеру жолында аянбай тер төгіп жүр. Салаға жаңа қадам басқан жастарға білгенін үйретіп, тәжірибесін бөлісуден жалыққан емес. Бұдан бөлек Жаңабай спорттық шараларға белсенді қатысып, Қаражанбас қоржынына көптеген жеңіс медалін салды.

«Қаражанбас біз үшін үйіміздей ыстық. Ұжымдастарымызбен талай қиын да қызықты күндерді бастан кешіп, бір шаңырақтың адамындай жақын араласамыз. Ұжымдағы жас мамандар бізден тек қызметке қатысты емес, өмірлік кеңестер де сұрап отырады. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ біз алмайтын асу жоқ. Сондықтан Қаражанбастың көркеюі үшін аянбай еңбек етеміз», – дейді Жаңабай.

Жансерік Бітімбаев жастайынан әкесінің еңбекқорлығы мен іскерлігіне тамсанып өскен. Бала қиялының түкпіріндегі мұнайшы болам деген талпыныс оның әке жолын жалғауына септігін тигізді. Қазір Жансерік әкесімен бірге мұнай саласының сойылын соғып жүр. Әріптес әке мен бала тиянақтылығымен, жауапкершілігімен, кәсібилікпен тең түсетін адами құндылықтарымен ұжымға сыйлы.

«Әр бала әкеге қарап бой түзейді деп ойлаймын. Сол секілді мен де әкем сияқты білікті маман болуды қаладым. Көргенімді көкейге түйіп, мұнай саласын серік еттім. Қазір біз жұмыста әріптес, үйде әке мен баламыз. Таңдаған саламыз бір болғандықтан мұнай тақырыбында әңгімелесуден жалыққан емеспіз», – дейді Жансерік.

Әкелі-балалы Жаңабай мен Жансерік қазір Қаражанбастағы №3 мұнай өндіру цехында жұмыс істейді. Әкесі – шебер, баласы мұнай өндіру операторы қызметін абыроймен атқарып жүр. Ұрпақтар сабақтастығын сақтаған олар болашақта мұнайшылар династиясын қалыптастырады деп сенеміз.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: