Главная Новости Әлемде жоғары жылдамдықты пойыздардың жүре бастағанына 60 жыл толды
03 қазан 2024, 17:51 841

Әлемде жоғары жылдамдықты пойыздардың жүре бастағанына 60 жыл толды

Әлемде жоғары жылдамдықты пойыздардың жүре бастағанына 60 жыл толды

Жапония биыл жоғары жылдамдықты теміржолдың 60 жылдығын атап өтіп отыр. 1964 жылы 1 қазанда алғашқы жоғары жылдамдықты Шинкансен пойызы жүре бастады, осымен темір жол көлігінің жаңа дәуірдің басталды десек болады.

Аэродинамикалық пішінінің арқасында «оқ» деп аталатын пойыз Токио мен Осака арасындағы жолды 4 сағат 40 минутта жүріп өтті, бұл сол кездегі дәстүрлі пойыздарға қарағанда айтарлықтай жылдам болды.

Бүгінде Жапония теміржол көлігі саласындағы жаңалықтарымен әлемді таң қалдыруда. Шинкансенмен жол жүру уақыты 2,5 сағатқа дейін қысқарған, ал орташа жылдамдығы сағатына 321 шақырымды құрайды. Пойыздар адам нөпірі көп кезде үш-бес минут сайын жүреді және 1300-ге жуық жолаушыны тасымалдай алады. Бұл көрсеткіш Америка Құрама Штаттарындағы ең жылдам пойыз болып табылатын Amtrak компаниясының Acela пойызымен салыстырғанда жоғары.

Неліктен Жапония бұл технологияны дамытуда басқа елдерден алда болды? Оның жауабы қарапайым – қажеттілік. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ел тез қалпына келтіріліп, модернизацияланды, бұл халық санының өсуіне және урбанизацияға әкелді. Токио мен Осака сияқты қалалар жылдам әрі тиімді көлікті қажет етті, ал Шинкансен бұл қиындықтарды еңсере білді.

Синкансен іске қосылғаннан бері жүрдек пойыз Жапонияның инженерлік шеберлігі мен көлік саласындағы жетістіктерінің символына айналды. Жоба басқа елдердің назарын тез ілікті. Мысалы, Франция соған қарап өзінің алғашқы TGV-ін 1981 жылы әзірлесе, Қытай қазіргі 28 000 мильден астам жолды қамтитын ең ауқымды желіні құра білді.

Калифорнияда қазір Лос-Анджелес пен Сан-Франциско арасындағы жоғары жылдамдықты теміржол жобасының құрылысы жалғасуда, бұл Америка Құрама Штаттарындағы осындай алғашқы ірі жоба боламақ. Бұл да  әлемдегі өзге жобалар сияқты жапон жүрдек теміржолының табысынан үлгі алуда.

Ал, еліміздегі жүрдек пойыздардың тарихына тоқталсақ, бізде мұндай пойыздардың жүре бастағанына 20 жылдан асты. Алғашқы жоғары жылдамдықты «Тальго» пойыздары 2003 жылы Астана – Алматы бағытында жолға шыққан болатын. Бұл жолаушыларға ыңғайлы әрі жылдам жүретін пойыз болды. Содан бері жүрдек пойыздардың саны артып, түрлі бағыттарда қызмет көрсетіп келеді. Бастапқы жылдары «Тальго» пойыздары Испаниядан жеткізілетін. 2011 жылы «Қазақстан темір жолы» мен «Патентас Талго» компаниясы Астанада «Тұлпар-Тальго» құрастыру зауытын ашты. Ал, 2013 жылдан бастап өзімізде құрастырылған пойыздар жүре бастады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: